Жақында NASA-ның хабарлауына қарағанда, бізден 370 миллион шақырым қашықтықта ғажайып астеройд байқалған.  Жаңа байқалған аспан денесі бізге үлкен байлық әкелуі мүмкін деп болжанып отыр.   19 қаңтар «Xinlang» сайтының технология жаңалықтарында жарияланды.

Бұл астеройд Марс пен Юпитер (Есекқырған) арасында орналасқан. Ғалымдар оны Psyche 16 деп атаған. Бастапқы да үлкен ғаламшар болған болуы мүмкін, кейін Күн жүйесі қалыптасу барысында оның біраз бөлігі талқандалып, соңында осындай ғажайып аспан денесіне айналған. Диаметрі шамамен 200 км келетін астеройдтың басым көп құрамын темір мен никель құрайды. Сондай-ақ, алтын, платина, мыс пен т.б. бағалы металдар бар.

Psyche 16. Фото: Universe Today

NASA-ның білікті ғалымы, Аризона университеті Жер және ғарыш барлау академиясының директоры Линди Тантонның ( Lindy Elkins Tanton) айтуынша, мұндай аспан денелерінің Күн жүйесіндегі  біз білетіні тек Psyche 16 ғана. Сондықтан бұл адамзатқа аспан денелерін тануға үлкен орай береді.

Ғажайып астеройд Күн жүйесіндегі жұмбақ нысандардың бірі. NASA жаңа жобаны іске асырса, алдағы уақытта біз бұл астеройдты жақыннан бақылай аламыз. Алдын ала мөлшерлеу бойынша, ондағы бір ғана темір металының құны 1×1019   ( 100 квинтиллион) АҚШ долларына тура келеді. Егер жерге тасымалдау жобасы іске асса, оның құны тұтас әлемдік тауар өндіру бағасына соққы жасап, 73,3 миллиардтық әлем экономикасын толықтай күйрете алады. Себебі, бұл әлемнің металл нарығына әсер етеді, барлық құнды металл қорлары құнсызданады. Тауарларды өндіруші-сатушы кәсіпорындар үлкен соққыға ұшырайды. Сайып келгенде әлемдік экономикада былықпалық туылады.

Жерге тасымалдау идеясы. Фото: qz.com

Қазіргі кезде NASA бұл астеройдты жерге тасымалдау жоспарларын қарастырмады, десе де оны кең көлемді зерттеу жоспарларын алып барып отыр. Сол арқылы ғаламшарлардың қалыптасу заңдылықтарын түсінуге болады деп сенеді. Кең көлемді зерттеу міндеті 2023 жылы қазаннан бастап атқарылады. 2025 жылға барғанда NASA ұшырған барлау кемесі Марстың тұсынан өтіп, 2030 жылы Psyche 16 астеройдына жетеді.

Астеройдты жерге тасымалдау идеясы. Фото: Dark Government

Линди Тантон тағы бір мүмкіндікті айтып өтті: « Бұл астеройдтағы метал құрамы Күнге жақын ортада қалыптасқан, темір жоғары темпратурада балқып, осы формасын қалыптастырған. Меніңше, бұл зерттеу қызметі бізге бірегей қайталанбайтын,  біз тіпті сене де алмайтын құбылыстарды көрстеуі мүмкін».

Фото: zase.mk

Өткен жылы желтоқсанда зерттеушілер бұл астеройдта судың да болу ықтималдығын айтқан. Егер адамдар Марсқа қоныс аударса, Psyche 16 жұлдызынан су жеткізуге болады деген идеяларды ұсынды. Доктор Линди Тантон бұған «мұндағы су ауыз суынан бөлек, жанармай ретінде де қолдануға болады. Сондықтан, Psyche 16 жұлдызы бізге металл байлығымен бірге ауызсу байлығын да шешуі мүмкін», –  деген болжамын қосты.

"The Qazaq Times"