АҚШ пен Израиль ЮНЕСКО-дан шығатынын мәлімдеді. Осыдан бұрын Уашингтон ЮНЕСКО-ны Израильге қарсы көзқарасы үшін айыптаған болатын. Енді БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселері жөніндегі ұйымына фундаменталды реформалар қажет деген ұстанымдағы АҚШ, ЮНЕСКО-ға мүшеліктен бас тартуды ұйғарды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Құрамында 195 ел бар ұйымнан АҚШ осыдан бұрын бұрынғы Президенті Рональд Рейганның тұсында 1984 жылы қаржылық келіспеушіліктер мен Америка саясатына қарсы пікірлер үшін шыққан болатын. Джордж Буштың кезінде 2002 жылы ЮНЕСКО-ға қайта оралған АҚШ, 2011 жылы Барак Обама басшылығы тұсында тағы да ұйымның жұмысына наразылық білдірді. Ұйым мүшелерінің бірауыздан Палестинаны толыққанды мүше есебінде қабылдау туралы шешімдері АҚШ-қа ұнаған жоқ. Өйткені Америка Палестинаның мемлекеттілігін мойындамайды.
Францияның Нью-Йорктегі елшісі Франсуа Делаттре журналистерге берген комментариінде, АҚШ-тың ұйымнан шығуына қаржы мәселесі де түрткі болғанын айтады. Ұсынылған деректерге сәйкес, АҚШ-тың аталған ұйымға 550 млн доллар қарызы бар. Жыл сайынғы ұйымға мүше болғаны үшін төленетін жарнамен бұл көрсеткіш өсе береді. Сондай-ақ АҚШ өзі мүше болған ұйымдардың барлығында "Америка - ең бірінші" саясатын ұстанады. Мәселен, АҚШ-та Палестинаны мемлекет есебінде мойындайтын бірде-бір ұйымға жарна төлеуге тыйым салатын заң бар. Сондықтан Американың ұстанымдарын ескермей, оның саясатына қарсы пікірдегі ұйымдарда Америка ұзақ қала алмайды.
Дональд Трамп билікке келгелі, Америка Иран ядролық келісімі және климаттың өзгерісі бойынша Париж келісімінен бас тартты. Өзінің бұл шешімдерін жаңа Президент "Американың мүддесіне қайшы болғандықтан" деп түсіндірген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?