Испанияның экономикалық маңызы жоғары, 7,5 млн халық тұратын Каталония аймағының жеке тәуелсіз мемлекет болуға ұмтылысы жексенбі күні өткен халықтың референдумнан көрініс тапты.  Бұл туралы ВВС және APF ақпараттық агенттіктері жазды. 

Испания билігінің пікірінше, ел Конституциясына қайшы әрекет саналатын референдумға бөгет болу үшін полиция қызметкерлері дауыс беруге келген халыққа қарсы күш қолданғаны туралы бейнежазбалар тарады. Каталонияның ресми деректеріне сүйенсек, халық пен полицияның қақтығысынан 844 адамға медициналық көмек қажет болып, оның 92-сі жараланғаны белгілі болды. Орталық билік 33 полиция қызметкерінің денсаулығына зақым келгенін айтады.

Сіздердің назарларыңызға бейбіт іс-шарадан полицияның халыққа күш көрсетуіне ұласқан референдумнан түсірілген "Meduza" интернет басылымының бейнежазбаларын ұсынып отырмыз.

“The Qazaq Times”