Бұрынғы Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың соты кейінге қалды. Бұл туралы тілшімізге Жетісу облыстық сотының пресс секретары Орынбасаров Нұрсұлтан мәлімдеді.
Өткен сот отырсында 10 наурызда сағат 11:00-де Серік Күдебаев соңғы сөзін сөйлейді делінген. Алайда, бүгін Жетісу облыстық соты Күдебаевтың денсаулығына байланысты сот отырысына келе алмай қалғанын айтты.
Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
28 ақпанда өткен сот отырсында прокурорлар Серік Күдебаевқа Қылмыстық кодекстің 362 бабының 4 бөлігімен 8 жыл, 146 баптың 2 бөлігімен 4 жыл қамау жазасын біріктіріп, 58 баптың яғни Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың 3 бөлігімен 9 жылға қамау жазасын сұраған болатын.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні