Бүгін Каталонияда тәуелсіздік алу мақсатында жоспарланған референдумға дайындықтың соңғы күні. Каталонияның Президенті Карлс Пуджемонт 1 қазан күні барлық жергілікті тұрғындарды референдумға келіп, дауыс беруге шақырды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Референдумды Конституцияға қайшы келетін әрекет деп тапқан Испания билігі халықтық дауыс беру процесіне тосқауыл болу үшін, қауіпсіздік қызметін күшейтіп, барлық ел бойынша полиция бекеттері төтенше режимде жұмыс істеп жатыр. Google Каталониядағы сайлауға шақыратын мобильді қосымшаны өшіріп тастады.
Өткен аптада бірнеше каталондық шенеуніктер орталық биліктің тапсырмасына құлақ аспағаны үшін Сотқа шақырылып, дауыс беру бюллетендері тәркіленген болатын. Өздеріне жасалған қысымға қарамастан, каталондықтар ертең 2 мыңға жуық дауыс беру бөлімшелері жұмыс істейтінін хабарлады.
Каталония-Испания қатынастарынан деректер
- Каталонияда Испания халқының 16 пайызы тұрады;
- Испания экспортының 25,6 пайызы Каталонияға тиесілі;
- Испанияның ЖІӨ 19 пайызы Каталонияның есебінен толығады;
- Шетелдік инвестицияның 20,7 пайызы Каталонияға келеді;