Жексенбіде (13 наурыз) Ресейдің көптеген жерінде Владимир Путиннің Украинаға басып кіру шешіміне қарсы наразылық шаралары өтіп, полиция 700-ден астам адамды тұтқындады.
OVD Info агенттігінің мәліметінше полицияның Ресейдің 37 қаласында өткен шерулерде 745 адамды ұстаған. Мәскеу қаласының өзінен 353 адам қамауға алынған.
Кейбір ақпарат құралдары ұсталғандар арасында журналистерде бар екенін хабарлаған, артынша мемлекеттік БАҚ бұл мәліметті терістеді.
Ресейдің екінші үлкен қаласы Санкт-Петербургте Франс Пресс полицяның наразыларды күшпен әкетіп жатқанына куә болғанын хабарлады.
Өткен аптада полиция Ресейдің әр қаласында соғысқа қарсы наразылық білдірген 5 мыңнан астам адамды тұтқындаған. Ал, соғыс басталған 24 ақпаннан бері 14 200-ден аса адам қамалған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні