Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми Уашингтонның Анкараға қару сатудан бас тартқанын сынға алды – деп хабарлайды Associated press ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға құны 1,2 миллион долларды құрайтын қару-жарақты сатудан бас тартқан. Тармптың мұндай қадамға баруына мамыр айында Ақ үй алдында Ердоған күзетшілері мен ереуілшілер арасындағы қақтығысы себеп болған.
Дональд Трамп әкімшілігінің бұл шешімін Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші отырысында сөйлеген сөзінде: «Біз АҚШ-тан сатып алғымыз келген қаруды Ақ үй әкімшілігі бізге сатпай, белгісіз себептермен Сүрия террористеріне тегін таратып жатыр. Біз америкалық әріптестерімізден олардың мұндай қадамға не үшін барып отырғанын сұрағымыз келеді. Бірақ бұл сұрақтарға АҚШ тарапынан жауап ала алмаған соң, стратегиялық әріптесімізге аяушылық көзбен қараудан басқа амалымыз жоқ» - деп сынға алған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде "Ақ үй әкімшілігі Режеп Тайып Ердоған күзетшілеріне арналған құны 1,2 миллион доллар тұратын қару-жарақты сатудан бас тартты" деген ақпарат тараған. Бірақ бұл ақпаратты АҚШ мемлекеттік департаменті растаудан бас тартқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?