Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард жемқорлықпен күресті барынша күшейтуге уәде берді. Уашингтон Институтында өткен конференцияда ол әлемде алынатын немесе берілетін пара сомасы мен осы әлемдік проблеманы шешуге жасалып жатқан жаңа қадамдар туралы айтты.
Кристин Лагардтың мәліметінше, әлем бойынша жылына алынатын пара көлемі 1,5 трлн доллардан 2 трлн долларға дейін жетеді екен. Бұл әлемдің Жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын құрайды.
"Мұны тек айсбергтің үшы ғана деуге болады, алайда ұзақмерзімді әсері әлдеқайда тереңде жатыр", - деді ХВҚ басшысы.
Кристин Лагард конференцияда ХВҚ құрамына кіретін елдерге пара алу ісімен күресуге көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ, қор қоғамдық ортаға ықпал ететін халықаралық жеке ойыншыларға көңіл бөледі.
"Жеке ойыншылар пара алу арқылы сыбайлас жемқорлыққа және жанама түрде ақшаның жылыстауына жол беріп, салықтан жалтаруы мүмкін", - деп түсіндірді Лагард.
Бұдан бөлек, қордағылар сыбайлас жемқорлықпен күресте ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін мәселенің практикалық шынайылығын мойындау керек және оны шешудің әртүрлі жолдарын қарасатыру қажет деп есептейді.