Шымкент мәдениет басқармасының лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде пара беруге әрекет жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін, 11 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сүйенген бірнеше БАҚ хабарлады.
Олардың жазуынуынша, ұсталғандар бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін 80 млн теңге көлемінде пара беруге әрекет жасаған.
Ақпаратқа қарағанда, күдікке ілінген қызметкерлері ұсталып, Шымкент полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда жатыр. Іс бойынша тергеу басталды.
Хабарламада күдіктілердің нақты қандай қылмыстық істі жабу үшін пара бермек болғаны айтылмаған.
The Qazaq Times аталған іс бойынша нақты қанша қызметкер күдікке ілінгенін және олардың кім екенін білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне хабарласты. Бірақ департаменттен жауап алу мүмкін болған жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел