АҚШ ғалымдарының сөзінше, 1996-2015 жылдар аралығында Каспий теңізінің деңгейі бір жарым метрге төмендеп кеткен. Зерттеушілер бұл құбылысты жаһандық жылыну процесімен түсіндіріп отыр. Мұндай мәліметтер Geophysical Research Letters сайтында жарияланған мақалада келтірілген.
Ғалымдар жерді бақылау деректері GRACE спутниктері арқылы анықталған мәліметтер бойынша 1979-2015 жылдары Каспий теңізінің деңгейінің қалай өзгергенін талдаған. 1979-1995 жылдар аралығында теңіз деңгейі жыл сайын 12,74 сантиметрге көтерілген. Алайда 1996-2015 жылдар аралығында теңіз деңгейі қайтадан жылда шамамен 6,7 сантиметрге төмендеп отырған. Жалпы алғанда 19 жыл ішінде теңіз деңгейі 1,3 метрден де төмендеп кеткен. Ауа температурасы болса 1979-1995 жылдарға қарағанда 1996-2015 жылдар аралығында 1 °C-ға жоғарылаған.
Зерттеушілердің сөзінше, жаһандық жылыну процесі жалғаса беретіндіктен Каспий теңізінің тартылуы да қалыпты құбылысқа айналады. Қазіргі кезде теңіздің тереңдігі орташа есеппен 208 метрді құрайды. Ал бұдан Каспий теңізі әлі мың жыл әлемдегі ең үлкен теңіз болып қалатынын байқауға болады.
Бұдан бөлек, авторлардың болжамында Каспий суы деңгейінің өсуі мен құлдырау кезеңдеріне қатысты заңды құбылыстар ескерілмеген.
Тағы бір ескеретін жайт, соңғы жылдары Еуропада жауын-шашынның көбейгені байқалды. Ал болжам бойынша ғаламдық жылыну судың булануына әсер етіп, одан планетада жауын-шашын мөлшері ұлғаяды. Тиісінше, бұдан Каспий теңізіне келетін өзен ағыны айтарлықтай өсіп, теңіз қайтадан толады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі