Бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үкімет отырысында ында 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдармен бөлісті.
Министрдің болжамы жаман емес, Оның болжамынша, осы жылдың басынан бері экономикалық белсенділіктің жақсаруы байқалып отыр екен.
"Жалпы ішкі өнім өсімі 7 айда 4,0%-ды құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша біз экономикалық өсімді 3,4%-дық деңгейде күтіп отырмыз», - деді Сүлейменов.
Сондай-ақ, ол 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерді құруда мұнайдың консервативтік бағасы - 45 АҚШ доллары кезіндегі базалық сценарий алынғанын атап өтті.
«ЖІӨ-нің нақты өсімі 2018 жылы 3,1% деңгейде болса, 2022 жылға қарай 4,2%-ға өсуі болжануда. Алдағы бесжылдық кезеңде ЖІӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны 3,7%-ды құрайды», - деді Сүлейменов.
Бұдан бөлек ол инфляцияға және жұмыссыздық деңгейінің қандай болатынына да тоқтала кетті.
«Ұлттық Банк жылдық инфляцияның мақсатты дәлізін 2018 жылы 5,0-7,0%-ға, 2019 жылы 4,0-6,0%-ға, 2020-2022 жылдарға 3,0-4,0%-ға азайту арқылы сақтады. Жұмыссыздық деңгейі 2018 жылғы 4,9%-дан 2022 жылы 4,7%-ға дейін төмендейді», - деді Сүлейменов.
Айта кетейік, бізде министрлердің қызмет ету мерзімі тым ұзаққа бармайды. Мысалы Ұлттық экономика министрі қазір осындай позитив болжам жасап отыр. Алайда ертең министрдің қызметі ауысқан жағдайда және бұл болжам орындалмаған болса оның орнына келген адам тағы бір жаңа жорамал айтуы ғажап емес.