Ливияда шабуылдың салдарынан екі мұнай кен орны жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости.
Мұндай жағдай Эль-Филь мен Хамада кен орнында болған. Себебі шабуылшылар аталған мұнай кен орнын басқа кен орындарымен байланыстырып жатқан құбырларды бұғаттап тастаған.
Бұдан бұрын осындай себеппен Ливиядағы ең ірі Шарара мұнай кен орны жұмысын тоқтатқан болатын.
Айта кетейік, Ливия Африкадағы ең көп мұнай қоры бар ел, қор көлемі шамамен 48 млрд баррельді құрайды. Сондай-ақ, ел ОПЕК пен оған мүше елдердің "мұнай көлемін қысқарту туралы" келісімінің міндеттерінен босатылған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды