АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен Сүрия мен Ливиядағы жағдайды, сондай-ақ Ирандағы қақтығыстарды талқылады.
Ақ үй өкілі Джадд Дир: «Тараптар телефон арқылы диалог жүргізіп, Сүрия мен Ливиядағы қауіпсіздік жағдайын, Ирандағы наразылықтарды және Иран әуе күштерінің украиналық ұшақты зымыранмен атқаны жөнінде әңгімелесті», – дейді.
Ливиядағы жағдай әлі де тұрақсыз. 10 қаңтарда Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі Ресеймен бірлесіп Сүрияның солтүстігіндегі Идлибедегі қақтығыстарды тоқтатуға уағдаласқан.
12 қаңтарда Ливияда Ресей мен Түркия президенттері ұсынған бастаманың шеңберінде Триполидегі Ұлттық келісім және фельдмаршал Халифа Хафтар басқаратын Ливия ұлттық армиясы арасындағы кофликтті тоқтату режимі күшіне енді. 13 қаңтарда Мәскеуде екі ел өкілдері ресми кездесу өткізіп, Ливияда бейбіт жағдай режимін орнату туралы келісімге қол қойды. Бірақ, фельдмаршал Халифа Хафтар ешқандай келісімге қол қоймастан Мәскеуден кетіп қалған.
14 қаңтарға қараған түні Хафтар Триполидің оңтүстігінде қақтығыстардың қайта жанданатыт туралы мәлімдеме жасады. Сол себепті Түркия мен Ресейдің Ливиядағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қадамы сәтсіз боп тұр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр