2017 жылдың бірінші жарты жылдығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның таза табысы 2016 жылғы 6 айымен салыстырғанда 38.1%-ға 78.9 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтер бойынша табыстармен комиссиялар 2016 жылдың 6 айына қарағанда осы жылдың алты айында банктің транзакциялық бизнесінің көлемі өсу нәтижесінде 8.6%-ға өсіп, 30,8 млрд теңгені құрады. Бұл өсім көбінесе пластик карталарға қызмет көрсету, банктік аударымдар мен клиенттерге зейнетақыны өтеу операциялар бойынша болды.
Құнсыздану резервтеріне аударуға дейінгі таза пайыздық табыс 2016ж. бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 25.6%-ға 105.3 млрд теңгеге дейін өсті.
Бұдан бөлек Халық банк бөлшек сауда депозиті нарығында 20,79% үлеске ие болған. Дегенмен жеке тұлғалар депозиті 2017 жылдың бірінші жартысында теріс динамиканы көрсетіп (-0,3%) 1 407 млрд теңгені құрады.