Жыл басынан бері банктердің шығыны 200 млрд теңгеге жеткен. Бұл провизияларды қалыптастыру шығындарының артуымен байланысты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Оның сөзінше, жүйедегі қарыз портфелі бойынша провизия 2,16 трлн теңге немесе 1,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Қайтарылмайтын кредиттердің көлемі 10,7%-дан 12,8%-ға, 1,72 трлн теңгеге жеткен. Қазақстандық банктерінің жалпы активтері жыл басынан бері 6,8%-ға төмендеп, 23,8 трлн теңгені құрады.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев қазіргі уақытта банк нарығында өтімділіктің артықшылығы бар екенін және Қазақстанның 15 ірі банкінің 9-ы несие көлемін ұлғайтқанын атап өтті. Шілде айында банктер арқылы экономиканы кредиттеу 0,7%-ға өсіп, 12,79 трлн теңгеге дейін жеткен. Ал салалар бойынша ең көп кредит саудаға ( 18,7%), өндіріске (14,2%), құрылысқа (7,6%), ауыл шаруашылығына (5,9%) және транспорт 4,6% саласына берілген.
Бұдан бөлек экономиканың долларсыздануы жалғасып жатыр. Долларизация деңгейі шілде айында 1,1%-ға төмендеп, 48,6%-ға дейін азайған. Бас банкирдің сөзінше, бұл теңгенің девальвацияға ұшырауы мүмкін деген қауесетке байланысты болған.
"Теңге әлсірейді деуге ешбір негіз жоқ. Тамыз айының басында ұлттық валюта сыртқы және ішкі нарықтағы факторлардың әсерінен қысымға ұшырады. Тіпті долларды сатушылардан гөрі сатып алушылар көбейді. Халықтың теңгенің айырбастау бағамына назар аударуына кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар себеп болды", - деді Ақышев.
Бұдан бөлек ол теңге-доллар бойынша операциялардың жалпы көлемі 2017 жылғы шілдеде 11,9%-ға төмендеп, 11,9 млрд доллар болғанын айтты. KASE-де болған биржа саудасының көлемі де бір айда 11,8%-ға немесе 3,1 млрд долларға дейін төмендеген. биржадан тыс болатын операциялар көлемі 12%-ға, 8,8 млрд долларға дейін азайған. АҚШ долларын айырбастау пунктерінде нетто сатып алу 415,7 млн доллар болған.
"Қазақстан экономикасына санкциялар бейтарап болады деп есептейміз және әлемдік шикізат нарығындағы тұрақтылыққа байланысты Қазақстан экономикасына келетін қауіп төмен", - деді бас банкир.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды