Қазақстанның ішкі нарығында сырттан келетін жанармайға тәуелділік күн өткен сайын көбейіп келеді. Осы жылдың қаңтар-мамыр айында елге жеткізілген бензин көлемі 28,2%-ды немесе 511,8 мың тоннаны құрады. Мұндай ақпараттты Finprom.kz сараптама қызметі келтіріп отыр.
Сондай-ақ, қазақстандықтарды дизель отынымен қамтамасыз ететін орындарындағы импорттың үлесі 3,3%-дан 5,5%-ға дейін артқан. Ал бұл дегеніңіз соңғы бес жылдағы Қазақстанның импортқа тәуелділінің ең жоғарғы көрсеткіші.
Дегенмен ең маңызды мәселелердің бірі халықты керосинмен қамтамасыз ету болып отыр. Себебі бұл өнім 100%-ға басқа жақтан жеткізілдеді. Тек 3 жыл бұрын ғана бұл өнімнің импорты 18%-дан төмен болған.
Ал жергілікті өндірушілер болса өнімді шығару қарқынын төмендетеді немесе қысқартады. Мысалы осы жылдың 6 айында жанармай өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тек 3,8%-ға артық болған. Өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіш - 13,1%.
Дизель отынының өндірісі болса осы жылдың алғашқы алты айында 1,1%-ға қысқарған - 2016 жылдың қаңтар-маусым айындағы орташа өсім 8,6%-ды құраған.
Керосин өндірісі тоқтап тұр деуге болады. Өйткені өткен жылға қарағанда осы жолы өндіріс 7,9%-ға аз болған. Ескеретін жайт керосинді шығару үш жыл қатарынан қысқарып келеді.
Осылайша мұндай өнімдердің өндірісінің бәсеңдеуі және импорттың өсуі Қазақстан Республикасының "2030 жылға дейін ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне қажеттіліктерді толығымен қамтамасыз етеміз" деген отын-энергетикалық кешенін дамыту стратегиясына қайшы болып отыр.