Йеменде тырысқақ індеті құрбандарының ресми деректерде көрсетілгеннен артық болуы мүмкін деп хабарлады БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Стивен О'Брайен.
БҰҰ мәліметінше, Йеменде тырысқақ ауруынан 330 мың адам зардап шегіп, 1 мың 740 өлім тіркелген. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Стивен О'Брайен : "БҰҰ өкілдерінің аяғы жетпей отырған Йеменнің шалғай аудандарын қоса есептесек, бұл көрсеткіш бірнеше есеге артуы мүмкін. Мемлекет билігі мен гуманитарлық көмек ұйымдарының қолында суды тазарту құрылғыларының болмауы жағдайды одан әрі қиындатып отыр", - деді.
Йеменде 16 миллион адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Елдегі ауруханалардың 55 пайызы қаржының жоқтығынан жабылып қалған. 30 мыңға жуық медицина қызметкерлері бір жыл бойы жалақы алмаған. 7 миллион халыққа ашаршылық қаупі төніп тұр.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы елдегі 23 провинцияның 21-інде тырысқақ ауруы таралғанын айтып, дабыл қақты.
Йеменде 2014 жылдан бері бір жағынан "Ансар Алла" шииттік қозғалысы, екінші тараптан Али Абдалла Салехқа адал әскердің бір бөлігі және үшінші жақтан Сауд Арабиясының көмегіне арқа сүйеген қазіргі Президент Абд Раббу Мансур Хадидің тобы арасында үшжақты соғыс жүріп жатыр.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?