Биыл 75 жасқа келіп отырған әлемге танымал ғалым Стивен Хокинг мерейтойынан бұрын BBC  арнасына берген сұхбатында Трамптың саясатына деген үлкен алаңдаушылығын жеткізді. Ол біз бір үрейлі дүниеге еніп бара жатырмыз деген. Бұл туралы танымал арнаның сайтында жазылды.

Әлемге ең танымал ғалым Стивен Хокинг өмірінің  көп бөлегін адамзаттың болашағына арнап келеді. Ол жаңа заман дүниетанымына, астрономия мен адамтану ғылымына және философияға үлкен жаңалықтар алып келді. Әлемдегі ғылым сүйгіш жандардың бәрі де Хокингтің жаратылыс пен адамзат туралы кез-келген пікірімен санасады. Оның пікірінше Трамптың «Париж Климат келісімінен» шығып кетуінің кесапаты ел ойлағаннан да ауыр болады. «Жер планетасы зиянды газдар қоршаған планетаға айналып кетуі мүмкін, бейне Шолпан жұлдызы секілді сыртын бір қабат зиянды тұман қоршап тұратын болады», – деді Стивен Хокинг.

Ол қазір климаттың жылуы еріксізден еріксіз ғаламдық, тікелей адамзаттың болашағына қатысты шұғыл шешім қабылдауға тиісті іске айналғанын баса айтты. Ғалым сөзінде: «Трамптың әрекеті Жер шарын қиратуға тырысып жатқанға ұқсайды. Зиянды газдардың ауаға тарауы тежелмесе, онда көп ұзамай жер бетінің температурасы 250 С° болады, немесе, үнемі қышқыл жаңбыр жауып тұратын Шолпан жұлдызы тәрізді улы тұман қоршап тұратын планетаға айналып қалады», – деді.

“The Qazaq Times”