Қазақстан Халық банкі АҚChina CITIC Bank Corporation Limited-пен (одан ары - «СИТИК-Банк») толықтай Қазақстан Халық банкінің иелігіне жататын еншілес ұйымы «Altyn Bank» АҚ-ның акционерлік капиталының 60%-ын сату туралы келісімге қол қойды. Транзакция 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады деп күтілуде.
Транзакция аяқталғаннан кейін Компанияның 40%-ы Халық банкінің иелігінде қала береді және Сатып алушымен орнатылған акционерлік келісімге сәйкес, компанияны басқару құқығы күшіне енеді.
«Қытайлық бағдарлама «Бір белдеу. Бір жол» шеңберінде қазақстандық компаниялар өз бизнесін Қытайда дамытқысы келетінін байқаймыз және біздер де клиенттеріміздің қажеттіліктеріне байланысты әрекет етеміз. Қытай – қазақстандық бизнес үшін қызметтер мен тауарларды өткізу барысында үлкен мүмкіндіктерді ашатын келешегі бар нарық. «Алтын банк» АҚ өз кезегінде өзінің қазақстандық клиенттеріне қажетті банктік қолдау көрсете алады – мысалы, теңгені тікелей юаньға айырбастау, саудалық қаржыландыру, қазынашылық операциялары және несиелендіру бойынша. CITIC Bank Алтын Банк үшін стратегиялық серіктес ретінде рөлін сомдап, оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәртебелі халықаралық қаржы институты мәртебесін және өз бизнесінің мөлшері, сондай-ақ CITIC Bank технологияларына қол жеткізу мүмкіндігінің арқасында Алтын Банк нарықтағы өз ұстанымын күшейте алады», - дейді «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.
Айта кетейік, «Altyn Bank» АҚ (Қазақстан Халық банкі АҚ ЕБ) Қазақстан нарығында «Қазақстан HSBC Банкі» АҚ ЕБ атауымен 1998 жылдан бастап нарықта. Халық банк аталған банкті 2014 жылғы қараша айында сатып алған.
Ал CITIC -(China International Trust and Investment Corporation) Қытайдың ірі ұлттық инвестициялық корпорацияларының бірі. CITIC-тің негізгі мақсаты шетел капиталын тарту және оны пайдалану, озық технологияларды енгізу және оны өзінің операциялық қызметін басқару сәтінде халықаралық озық тәжірибесінде қолдану. CITIC Group-тің CITIC Bank-ті қоса алғанда 44 еншілес ұйымы бар. CITIC Bank-тің негізі 1987 жылы қаланған. CITIC Bank Қытайда, Гонког және басқа да елдерде кең ауқымды банктік өнімдер және ірі корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға қызметтерін ұсынады.