Әлемде таза табысы 40 млн доллардан кем емес байлардың саны жалпы халықтың 0,01%-ын құрайды. Ал олар орташа есеппен өздері төлеуі тиіс салықты 30%-ға аз төлейді екен. Мұндай мәліметтер "панама құжаттары" негізінде жасалған және Швейцариядағы  HSBC  клиенттері туралы ақпарат жинаған ғалымдардың зерттеу жұмыстарында келтірілген. 

Бұл материалды дайындау кезінде экономистер Дания, Швеция және Норвегия сияқты елдердің азаматтарының әлеуметтік жағдайын есепке алған. Себебі бұл елдерде нақты ақпараттарды табуға болады. Дегенмен олардың сөзінше, салықты 30%-дан да аз төлейтін байлар саны басқа елдерде мүлде көп болуы мүмкін.

«Мұндай тұжырымғ келуіміздің себебі олардың активтерінің көлемі әлеуметтік жағдайымен қоса артып жатыр», - делінген Аннетте Алстадсетер (Норвегия), Нильса Йоханнесен(Дания) және Гэбриэла Цукманның  (АҚШ) Тax Evasion and Inequality атты зертеуінде.

Олардың есебінше, Норвегиядағы байлардың 40%-ы қаржыларының шамамен 50%-ын сыртқа жасырған.

«Латын Америкасы, Азия елдерінің көбінде және Еуропада байлар қаржысының көп мөлшеріне сыртта иелік етеді. Олардың саны біз ойлағаннан да көп болуы мүмкін", - дейді экономистер.

“The Qazaq Times”