Гонконгтағы HSBC секілді ірі банктер демократия талап еткен ереуілшілерді тыныштыққа шақырып, шерулерді тоқтатуын сұрады. Банктер бұндай хабарламаны қаладағы кең таралымға ие басылымдар арқылы жариялаған.
Гонконг банктерінің мәлімдеуінше, бірнеше айға созылған ереуілдер олардың бизнесіне ауыр зиян салған. Сондай-ақ, банктер бұндай хабарламаны үкіметті жақтау мақсатында жолдамағанын ескерткен. Олар мәлімдемесінде ешбір тарапты жақтамай, дербес түрде өз өтінішін білдіріп жатқанын алға тартады.
Бұған дейін "Твиттер", "Телеграм" секілді әлеуметтік желілер Қытай үкіметімен жасырын байланысы бар аккаунттар наразылық шараларына қарсы үгіт таратқанын мәлімдеген болатын. Сол қатарда "Твиттер" әлеуметтік желісі, демократияны талап еткен наразылық шараларының заңдылығын теріске шығарды деген айыппен 934 аккаунтты жауып тастаған болатын.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті