Бүгін 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Алматы қаласында 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіш Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Қарағайлы» саябағына орнатылған. Қола мен грантиттен жасалған, биіктігі 3 метр ескерткіштің авторлары сәулетші Айдос Бүркітбаев, Дулат Үсенбаев, Қанат Бегулиев.
Ескерткіштің ашылу салтанатында қала әкімі Бауыржан Байбек манументтің ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жасалғандығын айтты. Бұдан бөлек ол Қазақстанда 1918-1933 жылдар аралығында 3 миллионнан астам адам опат болғандығына, 1937-1938 жылдарда мыңнан астам қазақ зиялылары репрессияға ұшырағандығын тілге тиек етті.
Ескерткіштің ашылуына жиналған Алматы қаласының бір қатар тұрғындары мен қонақтары манументтің тек 1931-1933 жылдарғы ашаршылық құрбандарына ғана арналғанына көңілдері толмайтындығын жеткізді.
Осыған байланысты «Ғабит Мүсірепов» атындағы қордың президенті, «Ұлы дала» саяси ұйымының төрағасы Ғабиден Жәкей былай дейді: Бүгін біз Алматыда ұлтымыздың 60 пайызын жоғалтқан саяси қуғын-сүргін, яғни геноцид құрбандарына арналған ескерткішті ашып жатырмыз. Бірақ біз бұл ескерткішті 1991 жылы тәуелсіздік алған жылдары қоюуымыз керек еді. Енді ештен кеш жақсы дейді ғой. Бәрібір ескерткіш орнатылды бірақ, қазір біз тұрған жерде қазақтың қаншама зиялы қауымы атылды. Бұл жерге қан сіңген жер. Бүгінгі орнатылған ескерткіш тарихты тек бір жағынан ғана көрсетіп отыр.
Бұған дейін тулақ үстінде бала көтеріп тұрған қазақ әйеленің бейнесі көрсетілген ескерткішті біраз жұрт сынға алған еді.
Бұл жайында манументтің ашылуына келген белгілі темір ұстасы Айтбеген Құлментегі: Бұл ескерткішті студент балалар жасап шықты. Біз осындан 20-25 жыл бұрын осы жерге үлкен тас қойып едік, осындай нәрсе қойылуы керек деп айтылып еді. Ал енді 30 жыл өткеннен кейін сол бастама әрең дегенде орындалып тұр. Бұл ұрпаққа тәрбие беру үшін осы арқылы Ресейдің бізге жасаған геноцидін өскелең ұрпақ білуі керек. Біз осы ескерткішті жасаған жас балаларға өз ризашылығымызды білдіреміз.»
Манументтің ресми ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін. Ескерткіш алдында «Желтоқсан қозғалысының» өкілдері саяси себептермен түрмеде отырған Макс Боқаевты, Талғат Аянды, Жанболат Мамайды босатуларын талап етіп наразылық шарасын өткізді
Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстанға танымал Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Ермұрат Бапи, Дос Көшім, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан сынды азаматтар қатысты.