Еуразиялық даму банкі (Baa1 (Moody’s)/ ВВВ- (Standard & Poor’s рейтингіне ие) алғаш рет KASE-ге жалпы құны 15 млрд теңге болатын облигацияларын орналастырды. Бұл туралы банкің сайтында хабарланды.
Еуразиялық даму банкі үш жылдан кейін алғаш рет қазақстандық нарыққа құнды қағаздарын орналастырып отыр. Эмитенттің жоғарғы кредиттік рейтингі мен статусын есепке алғанда, облигациялардың орналасуы институтционалды ивесторлардың қызығушылығын оятып отыр. Жалпы аукцион кезінде саудаға қастысқысы келгендердің арасында расталған өтініштердің көлемі 44,4 млрд теңгені құраған және ұсыныстан 3 есеге артық. Алайда банк инвесторлар тарапынан болған барлық сұранысты қанағаттандырған жоқ.
Саудаға қатысқан инвесторлардың құрамына брокерлік компаниялар, Қазақстанның ірі банктері және еліміздің сақтандыру нарығындағы бірнеше ойыншылар кірген. Сауда кезінде облигацияларды сатып алуға 6 қатысушының атынан 16 өтініш түскен. Бұдан бөлек, орналастырылған облигациялар осы жылы Қазақстанның құнды қағаздар нарығындағы ең ірісі болып отыр және бұл алдағы уақытта өзінің борыштық бағалы қағаздарын шығаруды және орналастыруды жоспарлап отырған квазимемлекеттік ұйымдар үшін бенчмарк болуы мүмкін.
Айта кетейік, листингті дамыту және облигацияларды орналастыру кезінде Еуразиялық даму банкінің қаржы консультанты «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ болған.