БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы 2 қаңтар күні ресми түрде қызыметіне кірісті. Бұл лауазымға Антониу Гутерриш лайық саналыпты.
Португалдық саясаткердің өмір жолы аса күрделілігімен ерекшеленеді. Әлемдік БАҚ Гутерриштің жастық шағын көркем сөздермен бейнелеп үйренген. Саясаткер ретінде 1995 жылы 46 жасында Португалияның премер-министрі болып көзге түскен. Алайда, оның бұл қызыметі табысты бола қойған жоқ. 2002 жылға келгенде 53 жастағы Гутерриш өз еркімен отставкаға кетті. Содан кейін ол Португалиядағы барлық саяси капиталдарынан бас тартып, БҰҰ-ның зейнет ақысына иек сүйеді. Алайда, БҰҰ-дағы өзіне тиесілі босқындарды бір жайлы ету ісінде де ауыр қиыншылықтарды бастан кешірді. Себебі, ол кезде БҰҰ Жоғары комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасына (ЖКБІБ) дау-жаңжалдың ушығып тұрған кезі болатын. Африка босқындар ісінің оңалмауына байланысты аталған басқарманың беделі мүлде төмендеген кез еді.
2005 жылы Гутерриш ЖКБІБ-ның бас директорлық қызыметін осындай бір ауыр кезеңде өз мойнына алды және жағдайды біржайлы ету үшін батыл шешімге барды. Ол болса – Африка балаларына көмек жасауды насихаттау туралы танымал актриса Анджелина Джолимен селбестік жасау болатын. Бұл селбестік бірден сәттілікке ұласып кеткен жоқ. Ол кезде басқарманың әлем алдында ешқандай беделі жоқ, Анджелина Джоли да бұған шарасыз болатын. Тіпті, танымал актрисаның беделіне де дақ түскен еді. Осының себебінен психикалық науқасқа да шалдығып, ем қабылдауға дейін барған болатын. Алайда, Гутерриш Анджелина Джолимен болған байланысын табанды жалғастырып, басқарманың қоғамдық пікірдегі беделімен қоса, кездескен қиыншылықтарында шешіп шықты. Ол өзінен бұрынғы Бас хатшы Пан Ги Мунның да талай ауыр сөгісіне қалған кездері болған еді.
Бірақ, осы қиыншылықтарды табанды шешу оның әлем алдындағы беделін тіктеді. Кез-келген әлемдік іске сәл қарамайтын жауапкершілігі, табанды пікір танытпайтын Пан Ги Мунға қарағанда, оның БҰҰ Бас Ассамблеясындағы орнын жоғарылатты. Әлмдік БАҚ-та Пан Ги Мунға қарағанда жаңа Бас хатшы туралы тек алқаулар айтылып жатыр. БҰҰ бас хатшылық қызыметі пәрменді жер болғанымен, кей істерде БҰҰ-ның өзі де пікір мен көзқарас жағынан бейтарап қалып жатады. Сондай сәттерде әр елге барып мораль мен «адам құқы», «сенім бостандығы» деп үгіт-насихат жасамаса да, алдыңғы бас хатшы сынды бұғып қалмай, азаматтық пікірі айқын тұрғаны абзал деп қараймыз.
"The Qazaq Times"