Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты болжамын жариялады. Сонымен банктің шығарған нәтижесіне сенсек, 2018 жылы еліміздің Жалпі ішкі өнімінің көлемі 3,5%-ды құрамақ. Ал, осы жылға арналған болжам -2,4%. Бұл жөнінде ЕҚДБ-ның Қазақстандағы басшысы Агрис Прейманис банктің Кипрде өткен отырысында мәлімдеді.
ЕҚДБ жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның экономикасы сыртқы факторлардың әсерінен біраз бәсеңдегенмен қайта қалыпқа келе бастады. Енді республика сыртқы экономикалық жағдайдың реттелуіне қарай өзінің құрылымдық реформаларын жүргізуді жалғастыра беру керек.
Банктің "Аймақтардағы экономикалық перспективалар" атты баяндамасына сәйкес, келесі жылдан бастап мұнай бағасының көтеріліуі мен Ресей экономикасының қайта жандануына байланысты барлық аймақтарда экономикалық өсім деңгейі жақсармақ.
Айта кетейік, бұдан бұрын Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы өкілі Марк Хортон 2017 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 2,5 пайызды құрайды деген.
2016 жылы Қазақтандағы ЖІӨ 1%-ды құрады. Бұған қатысты экономистер Үкімет мұндай көрсеткішпен ешуақытта мақтана алмайды деген еді.