Сәуірдің соңғы күндері Жапония премьер министрі Мәскеуде арнайы мемлекеттік сапарда болып қайтқаны белгілі. Қазір Шығыс Азия өңірлік қайшылығының жаңа деңгейде тұр. Екі ел басшыларының Мәскеудегі кездесуі бір қатар маңызды мәселелер төңірегінде нүкте қоюға тырысты. Жапон бас уәзірі Шинзо Абе (Синдзо Абэ) мен Ресей президенті Владимир Путин Жапонияның солтүстігіндегі аралдардың экономикасын ортақ дамыту ісі туралы кеңесті.
Бұл кездесу Ресей үшін «Қиыр-Шығыстағы сегіз экономикалық селбестік» жоспарында ілгерлеушілік деп санауға болады. Путинге қарағанда жапон премьері Ресейге көбірек сапарлай барды. Десе де бұл жолғы келіссөзге екі тарап та қызу ынталы болды. Ресей жақ Жапонияның келіссөз өткізу туралы ұсынысына белсенді жауап қайтарып, осы келіссөз арқылы Жапонияның солтүстік аралдарындағы шекаралық дауды бәсейтуге тырысқан. Сонымен бірге, Жапониямен экономикалық селбестік орнатуға күш салған.
Украина мәселесінде Жапония да Ресейді терістеп, оған қарата бірқатар санкциялар салған еді. Бұл екі ел қатынасын тіпті де ушықтырып жіберген болатын. Тіпті бұл кез екі ел қатынасының тоқырауға ұшыраған кезі деуге болады. Былтырдан бері “Thaad” жүйесін Корей түбегіне орнату мәселесі Ресейдің Жапония, Корея және АҚШ қатарлы елдерге деген көзқарасына салқындық қосты. Зымыранға қарсы жүйені орнатуға түбегейлі қарсылығын білдіріп, бірнеше рет ескерту де жасаған болатын.
Міне бұлар, екі ел арасындағы кірбеңдіктің негізгі түйіндері. Бұл түйіндер шешуін таппаса Солтүстік Аралдар шекаралық дауы бір шешімге тоқтауы мүмкін емес. Бірақ, бұл жолғы Жапонияның ұсынысы Ресейге үлкен орай деуге болады. Себебі, қазіргі кезде аралдардағы шекаралық дауды бірден шешуге мүмкіндік жоқ. Тек, Жапониямен экономикалық селбестік жасауға болады. Қиыр-Шығысқа Жапониядан инвестиция тартудың үлкен мүмкіндігі болды.
Ал, Жапонияның келіссөз арқылы қол жеткізгелі отырғаны не болмақ? Жапония тұрғысынан ойлап қарағанда, келіссөз арқылы Ресейден келетін стратегиялық шабуыл қысымын бәсеңдету керек болды. Ресейге тәуелді Жапон тізбек аралдарының екі жағалауынан Ресей ұшақтары ұшып шығып, әуе шарлауын жасайды. Бұл кеңістік Жапония территориясына өте жақын болғандықтан территория қауіпсіздігіне өте қауіпті саналады. Жапон премьері бұл жолғы келіссөз арқылы Жапон тізбек аралдарындағы Ресей ұшақтарының ұшуын тізгіндеуді де мақсат етіп келген. Оған қоса, Ресей-Қытай әуе қорғаныс себлестігін Жапон теңізінде жүзеге асуына кедергі келтіру мақсаты да болды деуге болады. Қытайдың өңірдегі салмағын арттырмау Жапонияның түбірлі мүддесіне саятыны тағы бар.
Ресейде жайлау жақындаған тұста шекаралық дауда Путиннің өзгелерге жол бере қоюы екіталай. Жапондық әріптесі де мұны анық біліп отыр. Экономикалық селбестік келіссөзі желеуімен шекаралық келісімді жең ішіне жасыра барды деуге болмайды. Бірақ, бірқатар шетелдік сарапшылар бұл келіссөзден өзге де мақсаттарды талдап шығарыпты. Шинзо Абенің ең басты мақсаты шекаралық дау да, экономикалық келісімде ұпай түгендеу де емес, ол энергетика саласында ұзақ болашақтың келісімге қол жеткізу үшін келіссөз өткізді деп санайды.
Ресей шекаралық келісімге келмейтіні анық. Ол үшін Жапонияның экономикалық селбестігіне қол жеткізе алмай қалам ба деп алаңдайды. Шинзо Абе бұл жерде Ресейге экономикалық селбестік келісімін берсе, тағы бір бұйымтайын айтуына толықтай қақысы бар. Жапония үшін шекаралық дауды шешіп бере алмаса да, ұзақ мерзімге энергетика келісімін жасаса алса жапон бас уәзірінің де бәсі түгел болды дегенді білдіреді.
The Qazaq Times