Кока-кола сусыны әлемге кең тараған бренд. Ғасырдан аса уақыт өтсе де, сатылымнан қалған емес. Бастабында емдік мақсатта дайындалған сусын, бүгінгі күнде де сұранысқа ие. 1886 жылдың наурыз айында Атланта қаласында мамандығы фармацевт полковник Джон Пембертон бас ауруын жазатын дәрі табуға талпыныс жасап, карамель түсті сироп қайнатты. Сусынға кока жапырағының қайнатпасын, қант және кофеин қосқанда, сироп тәтті әрі қою болып шықты. Пембертон өз туындысын «Джейкобс» дәріханалары арқылы сатты.
Коланың дәрілік үшін жасалғанын білсек те, оның зиянын көбірек естиміз. Ұлыбританиялық Донна Ганнер 20 жыл бойы тек қана коланы сусын ретінде пайдаланады. Соңында, семіздікке және қантдиабетіне шалдығады. Ол осылайша эксперимент жасап, газдалған, қантты сусынның денсаулыққа зиян екенін дәлелдеген.
Коланың құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады. Оның түсіне пайдаланатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiргілері келседе, жұрттың күмәнін тудырады. Зерттеушілердің айтуынша, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Коланы балалардың ішуіне тиым салған жөн. Медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Сыздықова: "Жажда-ничто, имидж - все? Кока-кола: угроза для здоровья нации" деген еңбегiнде коланың зияны туралы егжей-тегжейлі жазған. Раушан Кәрішалованың «Coca-Cola- харам» деген мақаласында колаға доңыздың ішек майын пайдаланатындығы айтылады, осындай
пікірді Мысыр елінің «www. nawafnet.net» сайтында Америка Құрама Штаттарында 6 жыл тұрып осы сусынды зерттеген мысырлық доктор Кәшған да растайды. Қалай болғанда да коланың пайдасынан гөрі зияны көп екендігі айтылады.
Қалай болғанда да коланың пайдасынан гөрі зияны көптігі айтылады. Кімнің қай сусынды ішетіні өз еркінде. Бірақ, ұлт саулығы мен ел болашағы үшін сау денелі ұрпақтың өсуі маңызды.
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы облысы