Адамдар арасындағы Қандастық, некелік немесе асырап алу, асырап алуыну байланысы арқылы туындаған,өзара заңды жауапкерлік және міндеттер арқалайтын қоғамдық байланысты туыс деп атаймыз. Туыстық байланыстың пайда болу жолының ұқсамауына байланысты адамдар туыстарды некелік байланыстан туындаған туыс және қандастық байланыстан туындаған туыс деп жалпы екі үлкен топқа жіктейді.некелық байланыстан туындаған туыстық атауларға:Күйеуі(丈夫), Әйелі(妻子), Қайын ата(岳父), Қайын апа(岳母) т.б.Ал қанластық қатаынас арқылы туындаған туыстық атауларға:әке(父亲), шеше(母亲),Нағашыата(外公), Нағашыаапа(外婆)т.б.
Бір адамның қоғамдық байланыстағы ұстайтын ролы әр түрлі болады, мысалы бір адам біреуге бала болса, ал енді біреудің ата ˗ анасы, тағы біреудің бауыры болуы мүмкін.осындай қат ˗ қабат туыстық байланыстардан туыстық жүйе қалыптасады.әр түрлі туыстық байланыстан ұқсамаған туыстық атаулар пайда болады, осы атаулар бірігіп туыстық атаулар жүйесін құрайды.
Қазақ халқы мен қытай халықы ежелгі « жібек жолы » бойына орналасып, өзара тығыз қарым-қатынасын үзбей келе жатқан көне көрші.Жаһандану үрдіс барған сайын жйілеген ⅩⅩⅠ ғасырда елімізбен Қытай халқы арасындағы қарым-қатынас тек қана экономикалық байланысыпен ғана шектеліп қоимай, тіл мен әдебиет, мәдениет пен саиясат т.б салаларды да қамтиды.Мәдени әлде саяси-экономикалық салада болсын қарым-қатынастың басты құралы ол ˗ тіл екегдігі айтпасақта түсінікті. Ал бір ұлыттың туыстық атаулары сол ұлыттың тарихы, рухани және материалдық өмірімен біте қайнасып тамырын тереңге жіберген аса күрделі лекцикалық жүйе.сондықтан олар мәдениет аралық коммуникацияда ерекше маңызға йе.
Қазақ және Қытай тілдеріндегі туыстық атаулар туралы жеке-жеке зерттеу еңбектері көптеп табылғанымен, екі тілдегі туыстық атауларды жүйелі түрде өзара салыстыра зертген ғылыми еңбектер тым аз, бұл біздің зерттеу еңбегіміздің өзектілігін көрсетеді.Біз бұл еңбегімзде осы ақтаңдақты толтыру мақсатында екі тілдегі туысытық атауларды салыстыра зерттей отырып, екі халықтың мәдениеті мен тіліндегі ұқсастықтармен ерекшеліктерін айқындап. қазақ тіліндегі туыстық атаудардың Қытай тіліне аударылуын лингвмәдениет танулық аспектісін қарастырамыз.
Туыстық атаулар бір халқтың рухани мәдениеті мен тұрмыс-әдетінен хабар беретін лексика-семантикалық топ. Тіліміздегі туыстық атаулардың этно-мәдениет, лингвистикалық, мәдениеттанулық, семантикалық тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізіп бізге аса құнды еңбектерді қалдырған Ә. Қайдар, Е. Букин, М. Малбақов, М.Ш. Сарыбаева, Р. Ғ. Сыздық, Р. К. Диуанова сынды зерттеуші ғалымдарды атауға болады.
«Қазақ тіліндегі туыстық атаулардың басым бөлігі-ертеден келе жатқан төл сөздеріміз. Дегенмен, басқа тілдермен шектесіп жатқан немесе көрші халықтардың арасындағы қазақ сөйленістерінде кірме атаулар жиі кездеседі» [Диуанова Р. К. 2015. — №19]. Бұл тұрғыдан түрік, қырғыз, ұйғыр, өзбек, түркімен т.б. түркі халықтарымен қоса қазіргі монғол халқы, әсіресе түрік текті монғол тайпаларын атауымызға тура келеді. Біздің пайымдауымызша, бұл атауларды қазақ тіліне кірме атаулар дегеннен көрі түбі бір түрік халқына ортақ туыстық атаулар деп атағанымыз оңды көрінеді. Бұл атауларға: ах/аға, баз/бажа, бөл/бөле, хадам/қайын, эр/ер, қадун/қатын, худ/құда, нага/нағашы, т.б. атаулар жатады.
Жоғарыда Морган туыстық атауларды референтивті ( Сипаттама жүйесі) және вокативті (Жіктеу жүйесі) екі топқа жіктегендігін айтқан болатынбыз, Қазақ және Қытай тіліндегі туыстық атаулар жүйесі осы екі үлкен топтыда қамтйды.Бірақ екі тілдегі туыстық атаулар жүйесінедгі вокативті туыстық атаулардың ұсытйтын салыстырмасы референтивті туыстық атауларға қарағанда жоғарыррақ деп айтуға болады.
Тіліміздегі туыстық атауларды қандастық және неке қарым-қатынасы туындауына байланысты әке жағынан, шеше жағынан және некелік қарым-қатынасы жағынан деп үш топқа бөлуге блдады. Бұны халқымыз қысқа да нұсқа «үш жұрт» деп атаған. Яғни, «Өз жұрт» (әке жағынан), «Нағашы жұрт» (шеше жағынан), «қайын жұрт» (күйеу немесе әйел жағынан) қатарлы үш топқа бөлген.
Ал, қытай тіліндегі туыстық атауларға келетін болсақ, тек қытайлардың ғана емес басқа да халықтың туыстық атауларында осылай үш топқа бөлүге болады. Алайда, қытай халқы тұрмыста ұлыттық құндылықтардың ұлттық психологияның ұқсамауына байланысты біздегідей нақты бөліп жарып айтытып отырмайды. Қытай тіліндегі туыстық атауларды зерттеуде біз ең әуелі қазіргі заман қытай тілі мен көне қытай тілінің айырмашылығын ескеруіміз керек. Қытай тарихының әр дәуірі, әр дәуірдегі туыстық атаулардың да ерекшеліктері айқын. Сонымен қатар, әр өңірлік диалекттік айырмашылықтарға байланысты туындаған парықтарды да ескеруміз керек.
Көне қытай қоғамында отбасылық дәстүр қатты ұсталды, ондағы үлкен-кіші, ер-әйелдің жолы қатаң бөлініп, отбасылық жүйе ерлерді негіз етті. Оларда біздегі «жеті ата, жеті ұрпақ»-қа бөлінгені сияқты «ата жолына »( 辈分) бөлінген. Анықтай айтар болсақ, олар өзінен жоғары тоғыз ата және өзінен төмен тоғыз ұрпаққа дейін санайды және әр буынның өз аталуы болды.
Қазіргі қытай тіліндегі негізгі туыстық атаулар қандастық және некелік қатынасының бар жоқтығына қарай тіке туыстық (直系亲属) атаулар және жанама түыстық (旁系亲属 ) атаулар деп екі үлкен топқа бөледі.
Тіке туыстық атау | қазақшасы | Шақырылуы | Жанама туыстық атау | қазақшасы | Шақырылуы |
父亲 | әке | 爸爸,爹爹,阿爸 | 伯父 | Үлкен әке | 伯伯,大伯,大爹 |
母亲 | шеше | 妈妈,娘,阿妈 | 叔父 | Көке, кіші әке | 叔叔 |
继父 | Өгей әке | 晚爹,阿伯,阿爹 | 伯母 | Үлкен шеше | 大妈,大母妈 |
继母 | Өгей шеше | 晚娘,恩娘, | 叔母 | Кіші шеше | 婶婶,婶娘 |
祖父 | Ата | 爷爷,阿爷,公公 | 堂兄弟姐妹 | Немереаға-іні,әпке-қарындас | 堂哥,堂弟,堂妹,堂姐 |
祖母 | Апа | 奶奶,婆婆,娘娘 | 姑母 | Апай | 大姑妈,姑姑,阿姑 |
兄弟 | Аға-іні | 哥,弟 | 嫂子 | Жеңге | 大嫂 |
姐妹 | Әпке-сіңілі | 姐,妹 | 弟媳 | Келін | |
外祖父 | Нағашы ата | 外公,外翁,姥爷 | 姐夫,妹夫 | Жезде, күйеубала | 姐夫,妹夫 |
外祖母 | Нағашы апа | 外婆,姥姥 | 舅舅 | нағашы | 舅舅 |
丈夫 | күйеуі | 老公,老太公 | 舅妈 | Нағашы шеше | 舅妈 |
妻子 | Әйелі | 老婆,唉 | 姨夫 | Нағашы жезде | 姨丈,姨夫 |
公 | Әйелдің әкесі | 爸,爹 | 姨娘 | Нағашы апай | 姨姨,小姨 |
婆 | Әйелдің шешесі | 妈,娘 | 伯叔 | Күйеуінің аға-інісі | 哥,弟 |
岳父 | Куйеуінің әкесі | 爹,爸 | 妯娌 | Абысын | 嫂子,弟媳 |
岳母 | Күйеуінің шешесі | 妈,娘 | 亲家 | Құда | 亲家,亲家公 |
儿子,女儿 | Ұл, қыз | 儿子,女儿,宝宝 | 亲家母 | Құдағи | 亲家母 |
Кестеде көрсетілгендей, қытай тіліндегі тіке туыстық атаулар мен жанама туыстық атауларды адамның сыртынан атайтын атаулар (туыстық қатынасты білдіретін атаулар) және тіке шақыратын атаулар деп бөлуге болады. Мысалы父亲 әкені білдірсе, әкені шақырғанда немесе бетке айтқанда爸爸,爹爹,阿爸сынды атаулармен атайды. Ал қазақ ұлтының туыстық атауларында бұндай тілдік ерекшелік жоқ. Адамның сыртынан атайтын атаулар мен тіке айтылатын туыстық атаулар негізінен ұқсас.
Көне Қытай қоғамы әулеттік жүйені негіз етті, әрі бір әулеттегі адамдар бір фамилияны қоланды. Бір әулет аз болғанда бірнеше отбасыдан, көп болғанда тіпті бірнеше жүздеген отбасыдан тұратын үлкен бір жүйені құрайды. Сондықтан көне қытай халқының туыстық атаулар басқа көптеген тілдердегі туыстық атауларға қарағанда саны жағынан аса көп, қоланылуы аса күрделі әрі үлкен лексикалық қор саналалады. Біз бұл еңбегімізде олардың барлығын қарастырып жатпадық. Тек қазір біршама көп қолданылатын негізгі туыстық атаулар жөнінде ғана салыстыру жүргіздік.
Мейлі қандайд а бір халық болсын өзіне тән қайталанбас салт-дәстүрі, ұлыттық психикасы, ұлыттық құндылықтары болады. Біз бұл шағын ғана еңбегімізде тазақ тілі мен қытай тіліндегі түыстық атауларды толық салыстырып көрсете алмайтынымыз анық. Дегенмен, бүгінгідей жаһандану қадамы жиілеп, ұлт пен ұлт арасындағы қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілген тұста өзімізге алыс-жақын ұлттардың тілі мен мәдениетін, құндылықтарын жете тану, ең әлулі өзіміз үшін де аса маңызды. Бұл транс-ұлттық байланыстар тұсында бәсекеге қабілетті ұлт ретінде танылуымызға да өз септігін тигізеді деген ойдамыз. Әрі, осы шағын жұмысымыз осы бағыттағы жұмыстарға аз да болса өз септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Пайдаланған әдебтеттер:
- Қaзaқ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алмaты, 1974-1986 жж Қaзaқ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алмaты, 2008жж.
- Диуaновa Р. «Қaзaқ тіліндегі туыстық aтaулaрдың мaғынaлық құрылымы мен лексикогрaфиялaну ерекшеліктері», Алмaты, 2010.
- Жолдaсбек Л. Қaзaқ сөйленістеріндегі туыстық aтaулaр», Алмaты, 1998
- 《现代汉语词典》第七版,(商务印书馆)2017年
- 《 简谈现代汉语中的人际称谓》潘俊林2000
- 《汉语称谓大词典》吉常宏 2001-12-1
- 《祖宗十八代》https://baike.baidu.com/item/祖宗十八代
Мәуе Мақан
Шет тілдері және Іскерлік карьера
уинверситетінің магистранты