Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады. Бұл ақпаратты 2 сәуірде премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Нәлібаев 2013 жылдан бері Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарған. Әкімдік қызметтен босатылғаны бүгін белгілі болды. Оның орынына Қызылорда қаласына кім әкім болғаны әлі белгісіз.
44 жастағы Нұрлыбек Нәлібаев — бірнеше рет түрлі министрлікті, облысты басқарған, қазір Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарып жатқан Бердібек Сапарбаевтың туған інісі. Ол Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 2005–2007 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметін, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.