Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында  қазақтың ұлы жазушысы, еңбек ері, осы оңірдің тумасы Ғабит Мүсіреповтің 115 жылдығына орай республикалық ақындар  айтысы өтті.

Бұл байқауға Республиканың 9 облысынан суырып-салма ақындары қатысты.

Сайыстың бас жүлдесі – гран-при мен 600 мың теңгені түрлі халықаралық ақындар сайысының жүлдегері Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатаев жеңіп алды.

Гран-приді ұтып алған айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаев

1 орын мен 400 мың теңгені қарағандылық суырып-салма ақыны Мақсат Ақанов иеленді.

2 орын екі жүлде: «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры тағайындаған «Тұрсынбек Кәкішев» атындағы 300 мың теңге сыйлықты Қызылордадан келген Мөлдір Айтбай иеленсе, тағы бір 300 мың теңгелік жүлдені Солтүстік Қазақстандық Мұхамед Қоңқаев алды.

Жүлделі 3 орын  алған Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Өмірбаевқа  Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінен   Ерік Асқаровтың атынан арнайы сыйлық пен 200 мың теңгены иемденсе енді бір 200 мың теңгені   Қарағанды облысының өкілі – Дидар Қамиев иемденді.

“The Qazaq Times”