Бұдан елу жыл бұрын ұқсамаған екі елдің азаматы болу өте сирек болса, қазіргі кезде бұндай адамдар өте көп. Соңғы жылдары басқа бір елдің азаматтық сатып алу қалталылар арасында трендке айналған. Мол қаржыға ие адамдар үшін бір елдің азаматтығын алудың жаңа жолы да пайда болған, яғни, сол елге инвестиция салу.
Анықталған мәліметтерге қарағанда, әлем елдерінің жартысынан астамында инвесторға өз азаматтығын ұсыну туралы заң-ереже бар болып шықты. Тіпті, инвестиция арқылы паспорт сатып алу ғаламдық бизнеске айналған. Жылына азаматтық сатып алу үшін аударылатын қаржының көлемі 25 млрд АҚШ долларынан асып түседі.
Батыстық ақпарат құралдары азаматтық алып беруге делдалдық ететін компаниялар мен құқық қорғаушылардың ашық-әшкере табысты бизнеспен айналысып отырғанын жазады. Бұндай бизнеспен айналысқандардың көбі бұрынғыдай азаматтығын шетелдік тұлғаларға беруге шектеу қою немесе қиындату «ескілік» ретінде қарайды.
«Қазіргі кезде адамдардың бір елге байлануына тек аз ғана факторлар қалды. Жаһандасу кезінде бір елде туып, екінші елде өмір сүру қалыпты құбылысқа айналды», – дейді швейцариялық адвокат Кристиан Калин. Ол және: «Бір елде дүниеге келгенің үшін сол жердің ғана заматы болып қалу деген әділетсіздік. Бұл адамның сипаты мен таланты туралы айтылған сөз емес. Бақытты болсаң дамыған елдің азаматысың, бақытсыз болсаң нашар елдің азаматы болып жасайсың деген қаншалық әділетті? Азаматтар тек бір клубтың ғана мүшесі болсын деу қателік. Қоғам дамуына үлес қосушылар үшін азаматтық берудің қай жері қате?!», – деген пікірде.
Әлемдік үрдіс қатарында айтылып отырған бұл жағдай болашақта қалыпты құбылысқа айналады деген болжамшылар да бар. Қазір кейбір елдер азаматтығын қанша ақшаға сатып беретінін ашық көрсетеді. Айталық, АҚШ өз елінде 10 адамды жұмыспен қамтитын жұмыс орнын ашқан инвесторға 500 мың да 1 млн доллар шамасында азаматтығын сатып береді. Британия өз паспортын 2-2,5 млн доллар деп бағалаған. Ары қарай Мальта – 1 млн доллар, Испания 550 мың доллар, Болгария 560 мың доллар, Португалия 384 мың доллармен өз азаматтығын береді.