Кәсіпкерлік ахуалды жақсарту жайында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.
«Атамекен» басқарма төрағасының айтуынша, кәсіпкерлерге де өз жұмыстарында адалдық қағидасын сақтау маңызды. Абылай Мырзахметов журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, осыған қатысты орынды сынды оң қабылдайтынын айтты.
«Тұтынушыны қорғауда сауал дұрыс қойылып отыр. Соңғы жылдары көп нәрсе жасалды, мемлекеттік реттеу қысқарды, енді бизнестің жауапкершілігін арттыру керек. Лифтіде қандай жағдай орын алғанын қараңыздар. Біз лицензиялауды алып тастадық, бүгінде лифт құрылғысын жеткізуші ешқандай бақылауға алынбаған, шындығында қандайда бір тұрғын үй кешенінде лифтіге қатысты оқиға бір айға жетпейтін уақыт аралығында орын алып жатады. Стандарттар жүйесін енгізуді ұсынамыз. Қазір заң жобасы Мәжілісте. Бизнестің салалық қауымдастықтары, тұтынушылар мен мемлекеттік органдардың қатысуымен дайындалатын стандарттар нормативті актілердің негізіне айналуы керек деп есептейміз. Егер ертең фирма лифтіні орнартса, онда Пәтер иелерінің кооперативі немесе тапсырыс беруші стандартқа қаншалықты сәйкес келетінін нақты тексере алады», – деді Абылай Мырзахметов.
Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес кәсіпорындарында цифрландыру мен модернизациялау процесін кеңінен енгізу үшін Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Бәсекелік қабілетті арттыру бағдарламасын қолдануды ұсынады.
«Біз шағын және орта бизнестің негізгі шикізаттық емес 9 саласын қамтуды ұсынамыз. Олардың барлығы мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланады. Мемлекет бір терезе арқылы кешенді қолдау шараларын береді, ал бизнес цифрландыр және модернизациялау бойынша өзара міндеттемені алады. Біз цифрлық өндірісті, ақылды менеджементті қалай енгізу керек деген секілді дүниелерге дейін көмектесеміз... Осылайша барлық шараны бір бағдарламаға біріктіре отырып, бизнестің адалдығын арттырамыз», – деп есептейді Абылай Мырзахметов.