Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов кәсіпкерлік және туризм басқармасы коллегиясының кеңейтілген отырысында өңірде бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған мемлекеттік органдарды атауды сұрады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Біз мемлекеттік органдардың жұмысына жыл қорытындысы бойынша кәсіпкерлер баға берсін деген болатынбыз. Бүгін бизнестің дамуына кім кедергі болды, кім көмектеспеді және керісінше кім көмек жасады, соны білгіміз келеді», - деді Құмар Ақсақалов.
СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Ысқақов қазір облыстық жер қатынастары басқармасы және қалалық жер қатынастары бөліміне сұрақтар бар екенін мәлімдеді. Осы күнге дейін Петропавлда жер комиссиясы құрылмаған. Қазір консультативтік-кеңес беру органының жартысын кәсіпкерлермен, қалған жартысын мемлекеттік органдармен толтыру ұсынысы бар.
Өңір басшысы аталмыш органдарда бизнесмендердің үлесі артық болу керек деді.
«Кеңес беру органдарында бизнес және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің үлесі әлдеқайда артық болу керек. Шенеуніктерге азғана квота қалдырыңыздар. Тексеріс бұл органдарда 90 пайызы шенеуніктер екенін көрсетті. Олар бизнестің көзқарасын есепке алған жоқ», - деп атап өтті өңір басшысы.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды