 
                                    Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедқали Абылгазиев пен Тәжікстан үкімет басшысы Кохир Расулзоданың кездесулері аяқталды. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы «Кызыл-Бел» өткізу бекетіндегі кездесуде екі елдің үкімет басшылары соңғы болған оқиғаға байланысты өкініштерін білдірген. Кездесу барысында шекараға жақын аудандарда қордаланған проблемаларды шешуге уағдаласқан.
Сонымен бірге екі елдің премьер-министрі шекара бойынша осыған дейінгі қабылданған келісімдерді орындауды және жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге келіскен.
Соңғы болған оқиға бойынша нақты қандай шешім қабылданғаны жөнінде әзірге айтылмады.
16 қыркүйекте Максат ауылының маңындағы шекара бекетінде атыс болды. Қырғыз денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 адам жараланып, бір шекарашы мерт болды. Тәжікстан тарапынан 12 адам жараланған.
"The Qazaq Times"












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?