Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер кандидаттарды тіркеуді мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл жөнінде ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
Мамыр айының 6-ы күні Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған 7 үміткердің кандидатурасы тіркелген. Алғашқылардың бірі болып «Нұр Отан» партиясының өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев кандидат куәлігін алған. Одан кейін «Ұлы дала қырандары» қозғалысының үкілеген үміті Садыбек Түгел, Кәсіподақтар федерациясының өкілі Амангелді Таспихов, «Ақ жол» партиясының кандидаты Дания Еспаев президенттікке үміткер куәлігін иеленген.
6 мамыр күні ОСК «Ауыл» партиясының өкілі Төлеутай Рақымбековты, Қазақстан коммунистік халық партиясының үміткері Жамбыл Ахметбековты, «Ұлт тағдыры» қозғалысының кандидаты Әміржан Қосановты президенттікке үміткер ретінде тіркеген.
Мамыр айының 2-і күні «Халық демогарфиясы» бірлестігінің үміткері Жұматай Әлиев қазақ тілінен емтихан тапсырып, өтпей қалған. Орталық сайлау комиссиясы Әлиевтың қазақ тілін жетік меңгермегендігін айтып, оны қол жинау кезеңіне өткізбей тастаған.
Үміткерлерді тіркеу уақыты заң бойынша 11 мамыр күні сағат 18:00-де аяқталуы тіс болған. Дәл осы уақыттан бастап кандидаттар сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге кіріседі.
Айта кететін бір жайт, президенттік сайлауға ЖСДП «Ақиқат» оппозициялық партиясы 26 сәуір күні өткен құрылтайында байкот жариялаған. Партия атынан президенттікке ұсынылған Ермұрат Бапи «бұл жолғы сайлаудың бұрынғы сайлаулардан өзгешелігі жоқ» екендігін айтып, «сайлауға қатысатын кезекті қуыршақ кандидаттар арасында болғысы келмейтіндігін» жеткізген.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді.