 
                                    Президенттікке үміткер Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатын өткізді.
Бүгін елордада «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан президент сайлауына қатысып жатқан оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов БАҚ өкілдерімен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Ол соңғы уақыттары қоғамда қызу талқыланып жатқан ЖСДП партиясының сайлауға байкот жариялауына, өзінің «Ұлт тағдыры» атынан кандидат болып ұсынылуына қатысты мәлімдеме жасады.
«Алдында қоғамда үлкен пікір-талас болды. Әлеуметтік желіде, демократиялық күштер арасында «осы сайлауға қатысу керек пе, керек емес пе?» - деп. Мәселен біздің ЖСДП-дағы әріптестеріміз бұл сайлауға байкот жариялады. Бірақ демократиялық күштердің басым көпшілігі, оның ішінде Дос Көшім басқаратын «Ұлт тағдыры» қозғалысы өзінің жиынын жасап, мені кандидат ретінде ұсынды. Сондықтан біз осы сайлауға келіп тұрмыз. Бетіміз ашық. Заң бұзбаймыз. Заңды біз өзгертуді талап етеміз. Біз президент болғанда, парламентке келгенде сайлау туралы заңды сөзсіз өзгертеміз. Бірақ қолда барын пайдаланып, бүгіннен бастап қол жинауға кірісеміз» - деді Қосанов.
Естеріңізге салайық, кеше тіл комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков Әміржан Қосановтың тіл сынағынан сүрінбей өткендігін және қазақ тілін еркін меңгергендігін мәлімдеген. Қосановтың өзі тіл сынағында «ТМД тарихы және бүгіні» тақырыбында шығарма жазғандығын, Қадыр Мырзалиевтың өлеңдерін оқып, «Өнер білім бар жұртта» тақырыбында ой-толғау айтқандығын жеткізген.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді.












 
                                                        





 Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                     Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                     Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                     Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                     ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                     Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?