ҚМЭБИ (Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты) Құқық мектебінің 2-4 курс студенттері үшін Алматы қаласының ІІД Мұражайында экскурсия өтті. Онда тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Альбина Махамбетова жастарға Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы полициясының негізгі жетістіктері туралы әңгімелеп берді.
«Аталмыш шараның мақсаты – қоғамда Қазақстан полициясының имиджін арттыру, жастарды патриоттық және адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу. Біз қаламызда милицияның шығу тарихы туралы, бөлімшелердің жұмыс принциптері, ішкі істер органдары батырларының ерліктері туралы айтамыз. Жас ұрпақ ішкі істер органдарының тарихы да толық енетін өз қаласының тарихын біліп, есте сақтауға тиісті. Осылайша біз студенттерді полицей мамандығына қызықтырмақпыз. Одан әрі біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің және басқа да жоғарғы оқу орындарының студентері үшін де экскурсия өткізуді жоспарлап отырмыз»,- деді подполковник Махамбетова.
Сондай-ақ кездесуге ішкі істер органдарының құрметті ардагері, полицияның отставкадағы полковнигі Тахмазов Физули Құрбанұлы шақырылды. Ол студенттермен «Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының қалыптасуы» деген тақырыпта дәріс өткізді.
«Студенттердің тұтас тарихқа деген қызығушылығын білудің өзі қуанышты. Тұтас ведомствоның қатысуына тікелей атсалысқандар туралы білудің өзі маңызды. Біз тек осылай ғана студенттердің полиция жұмысына деген қызығушылығын оятып, жастар ортасының ішкі істер органдарын дұрыс түсінуіне септесе аламыз. Мұндай кездесулерді жиі өткізу керек деп есептеймін. Өйткені біз сияқты ардагерлердің жастармен кездесіп, білгендерін ортаға салуға деген ынтасы зор»,- деп аяқтады өз сөзін отставкадағы полиция полковнигі Тахмазов.
Студенттермен дәріс және әңгіме аяқталған соң «Милициядан полицияға көшу» деректі фильмі көрсетілді.
«The Qazaq Times»