Қоғам тарапынан ІІМ қатысты айтылып жатқан сындардың барлығы орынды – деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

«Өкінішке орай соңғы уақыттары ІІМ, оның ішінде полиция қызметкерлері жиі сынға алынуда. Қоғам тарапынан айтылып жатқан сындардың барлығы орынды. Шынында да полиция жұмысында шешілмеген мәселелер өте көп. Қазір біз осы проблемаларды шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз және оны халықтан жасырып отырған жоқпыз. БАҚ беттерінде жарық көріп жатқан сыни материалдарға маниторинг жүргізіп, сол бойынша заң бұзушылықтарды анықтап, керек болған жағдайда тиісті адамдарды жұмыстан қууға дейінгі шараларды орындаймыз» - деді журналистермен өткен арнайы баспасөз мәслихатында Қалмұханбет Қасымов.

Естеріңізге салайық, тамыз айының 19-ы күні Алматы қаласында Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін ІІМ үлкен дауға іліккен. Азаматтық белсенділер мен журналистер Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың оставкаға кетуін талап етіп, ведомстваның өзіне түбегейлі реформа қажет деген. Осыдан кейін көп ұзамай президент Нұрсұлтан Назарбаев ІІМ модернизациядан өткізу қажет деп, арнайы құжатқа қол қойған.

"The Qazaq Times"