Тәжікстан оппозициясы ұлттық альянсқа бірікті – деп хабарлайды Ахбор ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айының 9-ы күні Варшава қаласында Тәжікстан аумағында тыйым салынған Исламды жаңғырту партиясы, Реформа және прогресс қозғалысы, Азат ойлы Тәжікстан форумы және Орталық Азия мигранттары ассоциациясы күш біріктіріп, ұлттық альянс аясын жұмыс істеуге уағдаласты. Польша астанасында өткен бас қосуда Тәжікстан оппозициялық коалиция басшылары Мұхиддин Кабири, Шарофиддин Гадоев, Алим Шерзамонов, Илхомжон Екубзода арнайы декларацияға қол қойды.
Тәжікстан билігінен қысым көріп, шетелге қоныс аударуға мәжбүр болған оппозициялық топтардың күш біріктіруіне байланысты келіссөздер осыдан бір жыл бұрын басталған. Жаңадан құрылған альянс алдағы уақытта Тәжікстанда әділ сайлау өткізуге, экономикалық және саяси реформалар жасауға, адам құқығы мен сөз бостандығын орнатуға жұмыс істемек.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды