«Құсбегі» – Моңғолиядағы саятшылыққа үйреніп жүрген көшпелі қазақ қызы туралы деректі фильм деседі. Жексенбі күні өткен Оскар номинациясына ұсынылмай қалған бұл фильм туралы қате пікірді Отто Белл (фильм режиссері) жоққа шығарды. Бұл туралы BBC сайтында жарияланды.
«Құсбегі» фильмінің оқиға желісі өте қарапайым және әсерлі. Айшолпан Нұрғайып есімді 13 жасар батыр қыз әкесінен аттың үстінде бүркіт ұстап үйренеді. Кішкентайынан құсбегілікке «ұстазы» осылайша қызын жаттықтырады. Кейіннен Моңғолияның солтүстік-батысындағы Баян-Өлгий аймағында жыл сайын өткізіліп тұратын құсбегілердің сайысынан қарсыластарын таңдай қақтырып жеңіп шығады. Сондай-ақ, фильм поп жұлдыз Sia-ның орындауындағы «Сіздің қолыңыздан бәрі келеді» деген мағынадағы әнмен сүйемелденеді. Фильмге пікір білдіргендердің бірі «қиял-ғажайыпқа толы деректі фильм» деп мүлде байланыспайтындай көрінген екі сөзді бірге қолдануында да бір мән бар.
Өз әулетінің 12-ұрпағы саналатын Айшолпан сол әулетінен «құсбегілікпен айналысқан бірінші әйел» екендігі көрінеді фильмде. Және ол басқа құсбегі қыздарды басып озады. Бірақ америкалық тарихшы Адриэнна Майер және өзге де ғалымдар оның өтірік сияқты әсер қалдыратынын жеткізіп отыр.
Режиссер Отто Беллдің бұндай фильм түсіруіне мұрындық болған – израильдік фотограф Ашер Свиденскийдің 2014 жылғы BBC арнасындағы жарияланған Айшолпанның суреттері. Отто сол суреттерді көргеннен кейін Айшолпанның отбасын бақылап жүрген. Оларға жолыққан бірінші күні-ақ туындының алғашқы картинасы түсірілген. Онда Айшолпан бүркіттің балапанын ұясынан алып, арқанмен төмен қарай түсіп бара жатқан кезінде, төменнен әкесі ұстап, құламай түсуіне көмектескен. Зерттеушілердің келсіпейтін тұсы да осы жер екен. Неге екені белгісіз.
Кішкентайынан бүркітке баулып өскендіктен, Айшолпан атасы Ағажай келгенде, әкесі екеуінің баталарын беруді сұрайды. Әкесі қарсылық білдірген кезінде атасы көндіріп, екеуі қыздарына бата береді. Бірақ бұл «бата беру картинасы» фильмге кіргізілмеген екен.
Себебі, Айшолпанның әкесінің айтуынша, Ағажай атаның не ойлайтыны маңызды болған. Және оның далада ешкілерге қарап отыруды жақсы көретінін ескертіп, киноның халыққа шынайы жететінін айтып, сол картинаны түсірген.
Сонымен қатар, құсбегілер сайысы кезінде түсірілген сюжетке күмән келтірушілер де көп болған. Қазақстанан да, Қырғызстаннан да. Соған байланысты, Меган Фитс Жеймс (Meghan Fitz-James) есімді канадалық саяхатшы арнайы Айшолпанның үйіне барып, оның отбасылармен сөйлесіп қайтқан екен. Нәтижесінде, тұтас фильм Айшолпан туралы болғанымен, кейбір кішігірім сюжеттерді режиссер өз тарапынан қосқан. Бірақ кейіпкердің өміріне қатысты деректерді өзгертусіз қалдырған. Оның айуынша, Айшолпанның әлемін бүкіл әлем білуі тиіс. Айта кететіні, фильмде Айшолпанның өзі ойнайды.
BBC-ге берген сұхбатында Айшолпан былай дейді: «10 жасымнан бастап әкеммен тауға барып, жаттыға бастадым. Сол кезде оған «Мен құсбегі боламын» деп айтқанмын».
Бір күні Айшолпанның кішкентай кезінде, саятқа шығар кезде ол суық тиіп, ауырып қалады. Оны әкесі бүркітті ұстауға шамасы жетпейді деп ойлап тастап кетпек болады. Оған көнетін қыз бар ма?! Еріп барады. Сол кезде жиылған жұрт таңданысын жасыра алмаған. Ересек адамдардың жанында өзін еркін ұстап, суыққа қарамастан, қолынан бүркітін тастамай жүрген.
2014 жылғы жеңісінен кейін 2015-2016 жылдардағы сайыстарда Айшолпанды құрметтеп күтіп алған. Фильмді көріп отырған адам Айшолпан арнайы киноға түсу үшін жаттығу жасаған деп ойлап қалуы да ғажап емес. Себебі, кішкентай болса да оның бойында күш пен қуат бар.
Бірде Құсбегі қыз былай дейді: «Ерлер арасында өткен құсбегілік сайыста жеңіске жеткеніме қуанамын. Мен әйелдердің қаншалықты мықты екенін көрсете алдым».
Бұл фильм қанша жерден сынға алынып жатса да, тарихшы Адриэнна Майер Айшолпанның батыр қыз екенін, фильм арнауға лайықты қыз екенін айтып отыр. «Оның сайыстағы ержүректілігі мен ерлік қимылдары, шынымен, таң қалдырады және шабыттандырады», – дейді тарихшы.
«The Qazaq Times»