Моңғолияның мемлекеттік төтенше комиссиясы коронавирустың алғашқы жағдайын растады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Науқас Моңғолияға Франциядан Мәскеу арқылы транзитпен келген. Ол Францияның азаматы және Моңғолияда жұмыс істейді. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынған. Бұған дейін Қытайға ресми іссапармен барған Моңғолия президенті карнатинге жатқызылған болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстанда аталған вирус тараған елдерден келген 3676 адам карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінң хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстан үкіметінің шешімімен вирус көп тараған елдерден келгендер 14 күн карантинге жіберіледі. Дәл қазіргі уақытта Қытай, Оңтүстік Корея, Ираннан келген 1053 адам, Германия мен Испаниядан келген 2849 адам және Италиядан келген 182 адам медициналық бақылауда. 408 адам карантиннен шыққан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті