Моңғолияда президент сайлауына дайындық басталды. 9 маусымда өтетін сайлауда алтыншы президент белгілі болады.
Саяси додада халық партиясының, оппозицияның демократиялық партиясының және оңшылдар коалициясының көшбасшылары бақ сынамақ. Атап айтқанда, Моңғол халық партиясынан Ухнаагийн Хүрэлсүх, Демократиялық партиясынан Содномзундуйн Эрдэнэ, «Дұрыс адам электораты» коалициянан Дангаасүрэнгийн Энхбат қатысады.
Ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырыла алмады. Сарапшылар елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты сайлауға қатысу көрсеткіші де төмен болуы мүмкін деп топшылайды.
Моңғолияда осымен сегізінші рет президент сайлауы өткізілмек. Бұған дейін 1993, 1997, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017 жылдары сайлау өткен. Президентті сайлау туралы заңға сәйкес, сайлау науқаны 15 күнге созылады, бұл уақытта саяси партиялар мен кандидаттарға төменде аталғандардан басқа сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады:
- Үгіт-насихат баспа материалдары сайлаушылар арасында жаппай таратуға арналған;
- Теледидар мен радиода сайлауалды үгіт жүргізу;
- Сайлау науқанында әлеуметтік желіні қолдану;
- Көшелер мен алаңдарда үгіт-насихат плакатын орналастыру;
- Сайлауалды штаб жұмысы.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?