Бүгін Қазақстан Жазушылар Одағының  XV құрылтайында төраға болып ақын Ұлықбек Есдәулет сайланды.

Оның кандидатурасын құрылтайға қатысушылар арасынан іріктеліп алынған 151 адам қолдады. Орынбасарлары болып Ақберен Елгезек, Бауыржан Жақып, Бақыт Беделхан және Мереке Құлкенов тағайындалды. Ұлықбек Есдәулет бұған дейін Одаққа қарасты "Жұлдыз" журналының бас редакторы қызметін атқарған.

Ал Жазушылар одағын 22 жыл басқарған Нұрлан Оразалин құрылтай барысында сөйлеген сөзінде "президент Назарбаевқа жеделхат жолдап, төрағалыққа түспейтінін айтып, алдынан өткенін" мәлімдеді.

“The Qazaq Times”