Алматыда ұсталған Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы Қазақстан азаматы болуы мүмкін.
АКИ press ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанға ақпан айының 15-і күні ұсталған Жоғары Кеңес депутаты Дәмірбек Асылбекұлының Қазақстан азаматы екендігі жөнінде нота жіберген. Бірақ Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл ақпаратты растамаған және БАҚ өкілдерінің жіберген сауалдарына ешқандай жауап қатпаған.
Естеріңізге салайық, ақпан айының 15-і мен 16-сы күндері Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген арнайы операция барысында Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы ұсталған. Кейіннен сот шешімі бойынша оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 234 бабының 3 тармағы және 264 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алынған болатын.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?