25 маусым күні Алматы облысы Қонаев қалалық сотында агро-сарапшы, азаматтық белсенді Алмасбек Садырбай және онымен бірге айыпталып жатқан азаматтарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасты. Түске дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы, Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі және айыпталушылар арасында субсидияларды қайтару тәртібі, мемлекеттік органның құзыреті мен тергеу барысында жиналған дәлелдерге қатысты тартысты пікірталас өтті.
Сот хаттамалары мәселесі көтерілді
Айыпталушы Алмасбек Садырбай осы уақытқа дейін өткен сот отырыстарының хаттамаларын қағаз нұсқасында ала алмағандарын айтып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес барлық процессуалдық құжаттарды уақытылы беруді сұрады және жәбірленушілердің залда бірін бірі тыңдап отыруы просестік кодекіске қайшы екенін айтып жауап беріп жатқанынан басқасын залдан шығаруды сұрады. Бірақ судья Қойшыбаев ол өтініш хатты қанағаттандырмады.
Субсидияны қайтару мәселесі бойынша пікірталас
Куә ретінде жауап берген Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Жасұлан Сұлтанғалиевтен Алмасбек Садырбай мемлекеттік органның субсидия қаражатын қайтаруды талап етуге қатысты заңдық құзыреті жөнінде сұрады.
Басқарма өкілі субсидиялау қағидаларының 25-тармағына сәйкес инвестор тарапынан талаптар бұзылған жағдайда жергілікті атқарушы орган қаражатты қайтаруды талап ететінін айтты.
Алайда айыпталушы басқарманың осы құзыретін бекітетін нормативтік құжаттарды көрсетуді сұрағанда, жәбірленуші тарап өкілі олардың өзімен бірге жоқ екенін мәлімдеді. Судья аталған құжаттарды келесі сот отырысына алып келуді тапсырды.
Қаржының қай бюджеттен бөлінгеніне қатысты да пікірталас болды. Басқарма өкілі қаражат облыстық бюджет арқылы бөлінгенін айтса, Алмасбек Садырбай оның бастапқы көзі республикалық бюджет екенін алға тартып, осыған байланысты қосымша сұрақтар қойды.
Тергеу материалдарына қатысты айыпталушылардың уәждері
Айыпталушы Алмас Берлібатыров қылмыстық іс материалдарында мал шаруашылығына қатысты бірқатар ұғымдардың дұрыс қолданылмағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, тергеу органдары «жасанды ұрықтандыру» мен «еркін шағылыстыру» ұғымдарын өзара шатастырған. Айыпталушылардың пікірінше, шаруашылықтардың өтінімдерінде еркін шағылыстыру тәсілі нақты көрсетілгеніне қарамастан, тергеу бұл мән-жайды толық ескермеген.
Сондай-ақ олар тергеу барысында мал шаруашылығы саласының мамандары тартылмағанын айтып, бұл іс бойынша салалық сарапшылардың қатысуы керектігін айтты.
Прокурормен пікірталас, жәбірленушіге өкпе
Отырыс соңында мемлекеттік айыптаушы Әлімжан Санабаев пен Алмасбек Садырбай арасында пікірталас өрбіді.
Прокурор бұған дейін жауап берген бірнеше өңірдің ауыл шаруашылығы басқармалары ірі қара мал шаруашылығында жасанды ұрықтандыру талаптарына қатысты түсініктемелер бергенін айтты.
Алмасбек Садырбай бұл пікірмен келіспейтінін білдіріп, прокурордың сотқа ұсынған мәліметтерін нақты жауап алу хаттамаларымен дәлелдеуді талап етті.
Жетісу облыстық ауыл шарашылығы басқармасының өкілі Мұрат Тілеубайдың жауаптарына көңлі толмаған айыпталушы. "Мен осында 21 айдан бері сендер үшін отырмын. Сендердің дұрыс жұмыс жасай алмағандарың үшін мен осында отырмын" деген өкпесін айтты.
Бұл күнгі сот отырысында субсидияларды қайтару тәртібі, мемлекеттік органның құзыреті, сондай-ақ тергеу барысында жиналған дәлелдердің жеткіліктілігі мен дұрыстығына қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.
Бұл мәселелер бойынша сот әзірге түпкілікті құқықтық баға берген жоқ. 26 мамырда ары қарай жалғасатын болды.
Сот процесі аяқталған соң Алмасбек Садырбайдан пікір алмақ болған БАҚ өкіліні сот приставтары мен конвойлар кедергі келтірді. Айыпталушы өзінің құқығы бұзылғанын, өзіне күш көрсетілгенін айтып шағынды.


















Атыраудың субсидиясы, Алматының актісі: Алмасбек Садырбай ісіндегі заңсыздықтар
Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды