Өткен аптаның жұма күні АҚШ президенті мәлімдеме жасап, 2015 жылы жасалған Иран ядролық келісіміне айтарлықтай өзгертулер енгізілмейтін болса Құрма Штаттардың келісімнен шығып кететінін айтты. Бұл АҚШ үкіметі мен оның еуропалық одақтастары арасындағы күрделі келіссөздерге көп уақыт қалмағанын түсіндіреді. Бұл туралы «WSJ»  басылымы хабарлады.

Трамп өзінің жоғары дәрежелі кеңесшілерімен кездесуден кейін, Иран ядролық мәселесінің айтарлықтай жақсармағанын алға тарта отырып, ИИР-ға жаңа санкция жобасын жасауға шешім қабылдаған еді. Қазір Трамп үкіметі бұл санкция жобасын жасауға кірісіп кетті. Жаңа санкция 2015 жылғы келісімге сәйкес, Иран ядролық бағдарламасына қатысы жоқ салалардан салуға тырысуда. Жаңа санкция соңғы кездегі Иранның үкіметке қарсы наразылық ереуілшілеріне жасаған қысымын негізгі бағыт етіп алған. Трамп бұл жаңа санкция туралы мамыр айында қайталай шешім қабылдауы да мүмкін.

Трамп шешімінде екі ықтимал жолды көрсетіп отыр, оның бірі – келісімге маңызды өзгеріс енгізу, енді бірі – Құрама Штаттардың келісімнен шығуы. Оның айтуынша 2015 жылғы келісім Иранның ядролық бағдарламасына айтарлықтай деңгейде шектеу қоймаған және санкциялардан жалтаруға мүмкіндік қалдырған. Алайда, келісімге қол қойған еуропалық елдердің басшылары келісімді өзгертуге қарсы. Олардың алаңдайтыны – бұл жағдай  Иранның ядролық келісімінен толық бас тартуына және  ядролық қаруды дамыту процесін тездетуіне себепші болуы мүмкін.

ЕО-ның дипломатиялық департаменті жұма күні мәлімдемесінде,  Еуроодақтың Трамп шешімін талқылайтыны айтылды. Сонымен бірге, ЕО Иран ядролық келісімін толық және табанды іске асыруға бел байлап отырғанын да білдірді.

Трамп шешімін жариялағаннан кейін Иранның СІМ басшысы Жават Зарит Твиттер парақшасына, Трамп үкіметі Иранмен жасасқан осы бір келісімді бұзуға әрекеттеніп келеді деп айыптады. Ол сөзінде: «АҚШ-тың бұл шешімі үшін келіссөзге орын берілмейді. Құрама Штат өзінің ескі әдетін қайталамауы керек. Керісінше Иран секілді келісімді толық сақтауы тиіс», – деді.

2015 жылғы келісімге қол қойған елдердің арасында Ресей мен Қытай да бар. Олар да келісімнің өзгертілуін қолдамайды.

АҚШ үкіметінің жоғары өкілі мәлімдемесінде, АҚШ Иран келісіміне қол қоюшы ел ретінде келісімді жалғастырады, бірақ бұл келісім өзгертілуі керек екенін алға тартты. Ол өзгерту талабында: «Кез-келген жаңа келісім Иранның ядролық белсенділігі арта түскен жағдайда, Америка Құрама Штаттары мен оның еуропалық серіктестері тез арада қатаң санкцияларды қалпына келтіре алатын болуы тиіс. Бұл қауіп ешқашан аяқталмайды», – деді.

Трамп келісімге өзгеріс енгізу туралы: «Жаңа келісім бойынша халықаралық инспекторларға қосымша өкілеттік берілуі тиіс. Айталық олар қажетті тексеру жүргізе алатын болуы керек. Иранның ұзақ мерзімді зымыран жобасын қамтитын, ядролық қарудың белгілі бір түріне жақындай түскені байқалса жазалау шараларын күшейтуге жол беруі тиіс», – деген.

БҰҰ агенттігінің көрсеткен ақпаратына қарағанда, инспекторлар Иранның барлық жерлерінде тексеру жүргізе алады, бірақ, Теһран (Тегеран) билігі халықаралық инспекторларды сезімтал әскери нысандарға тексеруіне жол бермеген. Ал АҚШ болса, БҰҰ инспекторлары күдікті аумақтарды бақылау үшін мүмкіндіктер алуы тиіс дегенді қуаттап отыр.

Құрама Штат шенділерінің де пікір айырмашылығын байқай аламыз. Айталық, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да Иранның келісімге сәйкестігі мәселесінде ЕО мен БҰҰ өкілдерінің пікірін қолдап отыр.

Трамптың алға қойған саясаты Иранның ядролық бағдарламасын алдағы он жылға емес, бір жолата қысқартуға бағытталған. Бұған қоса, Иран осы келісімді атқармаса АҚШ-тың ядролық санкциялары бірден қалпына келтірілетін болады.

Иран СІМ-і өткен жұма күні «Ислам ақпараттық агенттігі» (Islamic Republic News Agency) арқылы таратқан мәлімдемесінде, АҚШ-тың жаңа саясатын айыптады және келісім туралы келіссөздерді қабылдамайтынын, бұрынғы келісімге өзгеріс енгізуге қарсы екенін білдірді. Мәлімдемеде, Иранның Бас прокуратурасына бағытталған шектеу шаралары заңсыз, ол барлық халықаралық құқықтарды белден басу деп сынға алды.

АҚШ-тың жаңа санкциясында екі қытайлық азамат та тіркелген. Олар Иранның қару-жарақ және ядролық бағдарламасына қолдау білдірген деген айыптар арқалады.

“The Qazaq Times”