АҚШ Қазына департаменті өткен аптаның соңында хабарлама жариялап, алты ирандық нақты тұлғаға санкция салғанын айтты. Олардың қарауынша бұл аталған ұйымдар мен кәсіпорындар Иранның баллистикалық зымыранды дамытудағы маңыздылығы жоғары. Сонымен бірге олар өткен аптаның бейсенбі күнінде Иранның спутник тасымалдаушы ракетаны сынақтан өткізгендерін алға тартты. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымының онлайн қызметі жария етті.
АҚШ жақ бұл реткі зымыран ұшыру сынағын "Иранның ауқымды арандату ісі" деп баға берді. Санкция нысанасында ирандық Shahid Hemmat Industrial Group кәсіпорнына қарасты барлық компаниялар бар. Бұл компания Ирандағы ең ауқымды зымыран бөлшектерін өндіретін болып табылады. Сондай-ақ, зымыран жанар затымен қамтамасыз ету, орын тұрақтандыру сынды маңызды қызметтері бар.
Иранның баллистикалық зымыранды дамыту ісінен Құрама Штат қатты алаңдайды. Өңірдегі Иран ықпалын арттырмау үшін де түрлі қысымдар қолданып келе жатыр. Уашингтон тарабы ИИР-дың зымыран дамыту ісіне барынша тосқауыл болуға тырысып отыр. Иран баллистикалық зымырандарды дамыта алса, Йеменнің Сауд Арабиясына зымыран шабуылын жасауға қолдау беруі мүмкін деп санайды. Айталық, өткен аптаның соңында Йеменнің Мекке қаласына бағыттап атқан зымыраны секілді жағдайларды айтуға болады.