Иран жақ АҚШ бекіткен жаңа санкциялар арқылы ядролық келісімді бұзды деп айыптады. Иранның мәжіліс төрағасы Али Лариджани АҚШ-тың жаңа санкциясы Иранмен жасасқан ядролық келісімнің кейбір тармақтарын бүлдірді деп көрсетті. Сондай-ақ, осы жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым жолдады. Бұл туралы «Түрік-телерадио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Иран мен 5+1 елдері арасында 2015 жылы жасасқан келісімде Иран ядролық бағдарламасына байланысты көптеген шарттарды қабылдаған болатын. Бұл келісімнің бір мақсаты Иранға салынған санкцияларды алып тастауды көздеген еді. Бұл сол кезде қалыптасқалы тұрған Иран дағдарысын сейілткен болатын. Билік басына келген Хасан Руханидың дипломатияны жандандыру саясатынан кейін, Иран өзінің жедел дамытуды көздеген ядролық бағдарламасын тоқтатты. Алайда, Иран жақ осы реткі жаңа санкция 2015 жылғы келісім талаптарына қайшы келеді деп айыптады.
Трамп АҚШ президенттігіне келгеннен кейін АҚШ-тың Орта-Шығыстағы саясатында бірқатар жаңа өзгерістер келді. Трамп бастан аяқ Иранмен жасасқан ядролық келісім осы елдің ядролық қуатын тежеуге жеткіліксіз деп қарап келді. Ал, шілде айының соңында АҚШ бекіткен жаңа санкцияда Иранның алты ірі компаниясына бірдей шектеу қойды. Ондағы алға тартқан себебі Иран баллистикалық зымырандарының салмағы артуы деп көрсетті. Бұл алдағы уақытта Иранды ядролық бағдарламаны қайталай жүзеге асыруға итермелеуі мүмкін. Себебі, «Үлкен бестік»-пен жасасқан келісімнен кейін де өзіне санкция салынғанын алға тартып, ядролық бағдарламаларын тежеуден бас тартуы мүмкін.