Ресей күштері Украинаға асып кіргеннен кейін Батыс елдері Ресейге қарата қатаң санкциялар салды. Қазір Еуропа Одағы Ресейге қарата алтыншы санкциялар пакетін жариялау алдында. Ресей бұған қарсы өзінің жауап санкцияларын жариялаған болатын. Ресей президенті санкцияны ұлғайтатын жаңа қаулыға қол қойды.
Ресейдің санкция тізімі "достыққа жат" тұлғалар мен ұйымдарға бағытталады. Бұлар негізінен Ресейге қарсы санкция бекітуге және жүзеге асыруға ықпал етуші тұлғалар мен ұйымдарды қамтиды. Путин қол қойған қаулы бойынша енді аталған санкцияға ілінген тұлғалар мен ұйымдар Ресей үшін "достыққа жат" деп табылады және оларға шикізат пен өндімдер экспортталмайды. Ресей азаматтарының да олармен жұмыс істеуіне шектеу қойылады.
Путин қол қойған қаулы бойынша санкция мен оның нысанасын белгілеу үшін үкіметке 10 күн уақыт берілді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді