Солтүстік Кореяның спортшылары келесі айда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатыса алады. Мұндай келісімге екі арасында болған келіссөз кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды Reuters.
Сондай-ақ, Сеул тарапы солтүстік спортшылардың қысқы олимпиадаға келуін жеңілдету үшін кейбір санкцияларды тоқтатуға уәде берген. Пиоңяң өз кезегінде ойынға келетін делегация құрамында спортшылар, жоғары лауазымды шенеуніктер және қолдау тобы болатынын хабарлады.
Алайда, ресми Сеул Солтүстік Кореяның ұшырған балистикалық зымырандарына қарсы жауап ретінде Пиоңяңның кейбір ресми тұлғаларының Оңтүстік Кореяға кіруіне тыйым салды. Бұдан бөлек, Сеул Олимпиаданың ашылуы кезінде барлық кореялық спортшыларды бірігуге шақырды.
Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Кореяның бірлестік министрі Чо Мен Гун мен Солтүстік Кореяның әлемдік бірлестік комитетінің төрағасы Ли Соң Гуон бастаған қос делегация келіссөз өткізу үшін екі елдің шекара маңында орналасқан Пханмунджом елді мекенінде кездескен еді.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды